31 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚОС ЖЕТІСТІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ: ЧЕМПИОНДЫҚ ПЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің футбол командасы екі бірдей турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өздерінің дайындық деңгейі мен шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

15–20 наурыз аралығында өткен облыстық футзал жарысында команда сенімді ойын көрсетіп, Шығыс Қазақстан облысындағы командалар арасында 1-орынды иеленді. Ойын барысында спортшылар ұйымшыл командалық әрекетімен, тактикалық сауаттылығымен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, қарсыластарынан басым түсті.

Жеңісті жолын жалғастырған команда 25–28 наурыз күндері Семей қаласында өткен Шығыс дивизионының футбол жарысына қатысты. Бұл турнирге Шығыс Қазақстан облысынан, Семей қаласынан және Павлодардан келген 10 жоғары оқу орнының командалары қатысып, бәсекені одан әрі қыздырды.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша Аманжолов университетінің командасы жүлделі 3-орынға ие болып, жоғары оқу орнының намысын өңіраралық деңгейде абыроймен қорғады.

Бұл жетістіктер университет студенттерінің спорттық дайындығы жоғары екенін, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының тиімді жұмысын көрсетеді. Команданың табысты өнер көрсетуі университеттің беделін арттырып, өңірде студенттік спорттың дамуына оң ықпал етеді.