27 ноября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY UNOWA КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген және халықаралық білім беру компаниясының UNOWA (Польша) директоры Михаил Калиткин ынтымақтастыққа стратегиялық меморандумға қол қойды. Құжат балалардың дамуын диагностикалау және инклюзивті білім беруді ілгерілету бағытындағы бірлескен бастамаларды дамытуға арналған.

Серіктестіктің негізгі мақсаты – MIKKO инновациялық жүйесін («6 даму саласы») енгізу, пилоттық зерттеу жүргізу және құралды Қазақстан контекстіне бейімдеу болып табылады.

«6 даму саласы» жүйесі балалардың дамуының алты негізгі бағыттарын қамтитын кешенді диагностикалық құрал: когнитивтік, логопедиялық, әлеуметтік, сенсорлық, тұрмыстық және физикалық.

Бұл құрал біркелкі тапсырмалар мен нақты бағалау критерийлері негізінде балалардың дамуының толық бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол балабақшаларда, мектептерде, ПМПК және психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарында қолдануға арналған.

Жобаның ерекшелігі – «6 даму саласы» әлемде алғаш рет кешенді диагностикалық жүйе ретінде толық циклде стандарттау және валидациядан Қазақстан Республикасында өтіп жатыр. Осылайша, Қазақстан бұл құралды ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін және халықаралық стандарт мәртебесін алуға үміткер құрал жасаудың алаңына айналады.

Жобаны жүзеге асыру тараптардың пікірінше инклюзивті білім беру ұлттық жүйесін дамытуға, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға, дамуды бағалаудың бірыңғай кәсіби тілін қалыптастыруға және Қазақстанның ғылыми және кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

«Дефектология» және «Ерте қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламаларының студенттері жобаның практикалық жүзеге асуына, соның ішінде «Сәулетай» балабақшасында балалармен жұмысқа белсенді қатысуда.

Меморандум 12 ай мерзімге жасалып, ұзартуға мүмкіндік қарастырылған. Келісімге қол қою Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту және озық халықаралық тәжірибелерді ұлттық жүйеге интеграциялауда маңызды қадам болып табылады.