«КӨРКЕМ» ҚЫЗДАР ҰЙЫМЫ
«Көркем» қыздар ұйымы — С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жанынан құрылған қыздар ұйымы. Ұйым өз жұмысын 2021 жылдың 30 қазан күнінен бастады. Ұйым жетекшісі — университетте білім алып жатқан білім алушылардың қатарынан сайланады.
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
«Көркем» қыздар ұйымының құрылу мақсаты:
Қыздардың бойына ізеттілік, инабаттылық, адамгершіліктің асыл қасиеттерін дарыту, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру;
Қыздардың көпшілік алдында еркін сезіну, сөйлеу мәдениетін, сыпайылықты қалыптастыру;
Қыздардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай етіп ұйымдастыру;
Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып, ұтқыр сөйлеуді қалыптастыру; өлеңге құрметілік, кішіге ізеттілік сынды қасиеттерді туғызарлық қарым-қатынаста көрсету, тәрбиеге ден қою;
Қыздарды қоғамдық ортаға бейімдеп, білім-ғылымды үйрету арқылы қазіргі заманға сай іскер қыз келбетін қалыптастыру;
Қыздарды шығармашылыққа, өнерге баулу, үйірмелер ұйымдастыру;
Рухани — адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаны тәрбиелеу;
Белгіленген мақсаттарға жету үшін «Көркем» қыздар ұйымы келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Пайдалы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және де қатысушылар қызығушылығын арттыру;
Бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында кітапханалар мен тігін өндірісі шеберханасына баруды ұйымдастыру, университет ішілік іс-шараларға белсенді түрде атсалысу.
МІНДЕТТЕРІ
Басқа да қыздар ұйымдарымен етене араласып, байланыста болу;
Кем дегенде айына 2 рет «Көркем» қыздар ұйымының жиналысын өткізіп, ұйымға білім алушы қыздарды қабылдау;
Қыздардың шығармашылық жұмыстарын жинақтау, әр түрлі бағытта студенттер бейімі бойынша тапсырмалар беріп отырып жұмыс жасау;
Нақты ереже тармақтарының сақталуына;
Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерінің бұзылмауына;
Қызметте қолданылатын мүлік қауіпсіздігіне;
Ішкі тәртіп ережесін бұзбауға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектеуде, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға.
Жетекшісі: Ердесбек Аружан “Қазақ тілі мен әдебиеті” БББ 2-курс
Орынбасары: Серік Назым “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті” БББ 2-курс