«Mind Matters Club» психологиялық клубы

Психологиялық клуб

Клубтың мақсаты:

Университет студенттерін біріктіру және олардың өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау.

Клубтың міндеттері:

  1. Университет студенттеріне психологиялық білім беру.
  2. Клуб мүшелерінің жеке әлеуетін дамыту.
  3. Клуб мүшелерінің сындарлы қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
  4. университет студенттерінің кәсіби бағдарлануына жәрдемдесу, психологияға ғылым ретінде қызығушылықты арттыру.

Клуб қызметін ұйымдастыру

  1. Клуб еріктілік негізінде 1-4 курс студенттерін біріктіреді.
  2. Клубқа қабылдау студенттің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
  3. Клубтың жұмысы оқу жылы ішінде жүйелі түрде психологиялық іс-шаралар түрінде жүргізіледі.
  4. Клубтың қызметі қажеттілік бойынша клуб мүшелерінің сұраныстарына қарай түзетіледі.
  5. Клуб жұмысына Педагогтар мен студенттер қатыса алады.
  6. Оқу жылының соңында клуб басшысының ұсынысы бойынша клубтың ең белсенді мүшелері университет әкімшілігінің грамоталарымен марапатталады.

Клуб Құрылымы

  1. Клубтың мүшесі ретінде өздерінің жеке құзыреттіліктерін дамытқысы келетін барлық студенттер мен оқытушылар бола алады: бейімделу, стресске төзімділік, ұйымшылдық, қарым-қатынас дағдылары, тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, көшбасшылық дағдылар.
  2. Клубқа кіру бойынша жас шектеулері жоқ.
  3. Іс-шараларды өткізу психологиялық клубтың жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
  4. Клубтың кездесулері айына екі рет өтеді.