Кәсіби іс-тәжірибе
Кәсіби іс-тәжірибе — университеттің білім беру бағдарламаларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол білім алушыларды тәжірибе базаларында кәсіби-тәжірибелік даярлауды көздейді.
Университеттің кәсіби іс-тәжірибесі базаларымен өзара ынтымақтастығы білім алушыларды тәжірибелік даярлау процесінің барлық тараптарының мүдделерін барынша келісуге және ескеруге бағытталған, бұл мамандарды даярлау сапасын арттыруға және қазіргі заманғы индустрия талаптарына мазмұнды өзектендіруге ықпал етеді.
Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі келісім-шарттар негізінде жүргізіледі. Университет қаланың, облыстың және республиканың 400-ден астам кәсіпорындарымен, ұйымдарымен шарттық қатынастар орнатты. Іс-тәжірибе базалары жұмыс орындарын ұсынады және білім алушы-практиканттарға бірлесіп жетекшілік атқарады.
Барлық кезеңдерде кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби дағдылар мен құзыреттерді меңгеруінің үздіксіздігі мен дәйектілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Университетте кәсіби іс-тәжірибенің келесі түрлері қарастырылған:
- Оқу
- Өндірістік
- Педагогикалық
- Диплом алдындағы
- Зерттеу