12 наурыз 2026


БОЛАШАҚ МАМАНДАР БӘСЕКЕСІ: WORLDSKILLS КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12 наурыз күні Жоғары колледжде колледжішілік  WorldSkills ашық  чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Бірнеше күн бойы студенттер әртүрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдерін, кәсіби дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:

Графикалық дизайн

Компьютерлік ойындардағы 3D-модельдеу

Мектепке дейінгі тәрбие

 Бастауыш сыныптарда оқыту

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар табысталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар студенттерді дайындауға үлес қосқан сарапшыларға алғыс хаттар берілді.

Чемпионат болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға, тәжірибе алмасуға және таланттарын ашуға арналған маңызды алаңға айналды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!