Б. Мамраев атындағы ғылыми кітапхана
Б. Мамраев атындағы
ғылыми кітапхана
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты)
Тел.: 8 (7232) 54-04-21
Е-mail: pnuralieva@vku.edu.kz

Кітапхана сайттында, ақпараттармен, электронды ресурстармен таныстыратын көпсалалы іздеу мүмкіндігі бар электронды каталог ұсынылған
Университет кітапханасының тарихы

1952 жылы Өскемен педагогикалық институтының ашылу кезеңінен басталады. Бүгін - ол университетпен бірге заманауи дамыған Шығыс Қазақстан аймағындағы жоғары оқу орындарының ең ірі кітапханасы. Казіргі кезде 1 миллион данадан астам қоры бар. Оның құрамын қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ғылыми, оқу және көркем әдебиеттер, ноталар, электронды жинақтар және XVIII – XIX ғасырларда шығарылған сирек кездесетін құнды кітаптар мен құжаттар құрайды.
Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхана университеттің ақпараттық-білім беру және мәдени орталығы бола отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда, сапалы білім алуға ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етеді, оқырмандар үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.
Кітапхана қызмет көрсету бөлімдерінің құрылымы:

ғылыми әдебиеттер абонементі
(№1 оқу ғимараты, 107 ауд., тел. 540-421)


ғылыми-ақпараттық оқу залы
(№1 оқу ғимараты, 229 ауд.)


оқу әдебиеттер кітапханасы
(№3 Студенттер үйі, 1-қабат, т. 540-246)


мерзімді басылымдар оқу залы
(№ 1 оқу ғимараты, 101 ауд.)


студенттер оқу залы
(№ 1 оқу ғимараты, 303 ауд.)


оқу залы
№2 оқу ғимаратының оқу залы №4 оқу ғимаратының оқу залы №7 оқу ғимаратының оқу залы №9 оқу ғимаратының оқу залы Жоғары колледж оқу залы (№ 3 оқу ғимараты, 301 ауд.)


Кітапхана пайдаланушылары баспа және электронды түрдегі ғылыми журналдарға, электронды оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, монографияларға; Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханаға (РМЭБ); Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасына (ҚазҰЭК); Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларының ресурстарын пайдалану бойынша ұлттық жазылым жобасына; «Эпиграф» ЭК, «Лан» ЭК, «Кәсіпқор» ЭК, «PROFобразование» ЭК, «Біздің Абай» ЭК, Өскемен қаласы кітапханаларының Қазақстан Республикасының мерзімді басылымдарын корпоративтік библиографиялық өңдеуге арналған облыстық жобасына, нормативтік құқықтық актілердің электронды құжаттарына және басқа да ресурстарға қол жеткізе алады.
Біздің команда

Нуралиева Перизат Кузембаевна
Кітапхана директоры