Біз туралы

AMANZHOLOV UNIVERSITY

Университет миссиясы

Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша халықаралық ғылыми – білім беру кеңістігінде жетекші рөлді қамтамасыз ету. Бұл миссияны іске асыру еңбек нарығының әлемдік талаптарына сәйкес келетін заманауи технологияларды, ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінің дағдыларын меңгерген Құзыретті, әлеуметтік жауапты және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудан тұрады. Бұдан басқа, миссияны іске асыру университеттің бірыңғай мәдени, білім беру, зияткерлік және инновациялық кеңістігін қалыптастыруды, Болон процесінің әлемдік үрдістері мен қағидаттарына сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз етуді, белсенді халықаралық ынтымақтастықты және университет студенттері мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуді көздейді. Пайымдау: Қазақстанның инновациялық дамуындағы Университет өзін еліміздің және әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне кіретін ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы ретінде көрсетеді.

Стратегиялық дамудың мақсаты:

Қазақстан Республикасы экономикасының индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктерін және ғылым, білім және бизнестің интеграциясы негізінде сыртқы нарықтың сұраныстарын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін жағдайлар жасау.

Негізгі міндеттер:

1. Қазақстандық және әлемдік деңгейдегі мамандарды тарта отырып, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу негізінде білім беру үрдісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жаңғырту. Кәсіптік стандарттардың талаптарын, оның ішінде WorldSkills стандарттары бойынша талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу.
2. Білім беру бағдарламаларына онлайн-курстарды қосу, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану мүмкіндіктерін кеңейту, негізгі білім беру бағдарламаларын цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға бағдарлау; акт, практикаға бағдарланған білім беру технологияларын енгізу арқылы білім беруді жаңғырту есебінен білім беру контентін жаңарту.
3. Білім алушыларды іргелі және қолданбалы зерттеулерге тарту негізінде ғылыми-зерттеу үрдісін жетілдіру, коммерцияландыру процесіне белсенді тартылған ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру кластерлерін құру жолымен профессорлық-оқытушылық құрамның инновациялық қызметін ынталандыру.
4. Кадр саясатына талант-менеджментті дамыту және енгізу, үздік шетелдік және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы практикаларды тарату.
5. Университеттің жаңа ұйымдық құрылымын қалыптастыру және корпоративтік басқару мен дербестік қағидаттарын дамыту арқылы оның тиімділігін арттыру.
6. Заманауи цифрлық экожүйені және IT инфрақұрылымын құру, университет кампусының материалдық-техникалық базасын жаңарту