Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы департаменті

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы департаменті

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты), №219 кабинет.

E-mail: edomalatov@vku.edu.kz

Телефон: +7 (7232) 540-272 (ішкі номер — 145)

Домалатов Ержан Бағданұлы

директор

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті – келесі бөлімшелерді біріктіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі:

    •  оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімі

    • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

    •  "PARASAT" студенттерге қызмет көрсету орталығы:

 -- тіркеу кеңсесі;
 -- студенттік бөлімі;

Департамент қызметінің мақсаты

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу қызметін ұйымдастыру және басқару; оқу-әдістемелік қызмет стратегиясын әзірлеу және оны дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелер қызметінің негізгі бағыттары

  1. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бакалавриат, магистратура, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін ұйымдастырушылық, талдамалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
  2. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттаманы ресімдеу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік қызмет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметін реттейтін қолданыстағы НҚА талаптарына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру.
  3. Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына жауап беретін бағыттар бойынша оқу жоспарларының іске асырылуын бақылау.
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісінің кестесін әзірлеу, оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  5. Оқу сабақтарының кестесін, емтихан сессияларын, мемлекеттік емтихан және қорытынды аттестаттау комиссияларының жұмыс кестесін жоспарлау және жасау; оқу сабақтарының кестесін іске асыруды бақылау.
  6. Білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу (ауыстыру, оқудан шығару, қайта қабылдау, академиялық демалыс беру және т.б.).
  7. Мемлекеттік емтихан және қорытынды аттестаттау комиссияларының жұмысын бақылау. Нәтижелерді талдау және АК және МЕК жұмысының қорытындылары бойынша ұсыныстар дайындау.
  8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім туралы дипломдарды, академиялық анықтамаларды, дипломдардың телнұсқаларын ресімдеу және беру.
  9. Профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуын бақылау және т. б.
Кнопка "Наверх" с иконкой