«Altai jastary» медиаорталығы

Есимханова Флюра Рашидовна

Жетекші қ.а.

Тарих. «Altai jastary» медиа-орталығы құрылымдық бөлімше ретінде баспасөз қызметінің базасында құрылған.

 

«Altai jastary» медиа-орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Бір жылға медиа жоспар құру;
  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметін жариялау: ресми сайттың ақпараттық-мазмұндық бөлігін толтыру, бейнероликтер дайындау, Instagram, Facebook, Youtube, Telegram әлеуметтік желілерін жүргізу;
  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметін қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-та жариялау;
  • баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;
  • баспасөз хабарламаларын жіберу;
  • қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-тағы ШҚУ туралы жаңалықтарды мониторингілеу;
  • Жоғары мектептер мен бөлімдер мамандарының жарияланымдарын мониторингілеу;
  • ЖОО оқиғаларын фото-видеоға таспалау, медиа-архив жасау;

 

«Altai jastary» медиа-орталығының дереккөздері

  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жаңартылған сайты (https://vku.edu.kz/ru) 2023 жылы құрылған. Бұрынғы сайт 2005 жылы жасалған. Бүгінде сайтта «Ректор блогы», «Сұрақ қою», «Талапкерге», «Серпін-2050», «Біз туралы», «Ғылым және халықаралық байланыстар», «Білім», «ВКУ Life», «Байланыс», «Мемлекеттік рәміздер», «Жаңалықтар» бөлімі, «Хабарландырулар» айдарлары бар.
  • Әлеуметтік желілер: Instagram (https://www.instagram.com/amanzholov_university/), Facebook (https://www.facebook.com/amanzholovuniversity), Youtube (https://www.youtube.com/@amanzholovuniversity/videos), Telegram (https://t.me/Amanzholov_University_1952)

 

2018 жылы ШҚУ-да студент-журналистер үшін «Altai jastary» медиа-орталығына кіретін телерадиостудия ашылды.

Мекенжай: Қазақстан, 55, көшесі 4-қабат, 403 кабинет
E-mail: pressavkgu@gmail.com