«Берел» баспасы

«Берел»

баспасы

30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 42

Тел.: 8 (7232) 540-480

E-mail: sara.islyamova@mail.ru

Сәрсен Аманжолов атындағы «Берел» баспасы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және ШҚМУ Жарғысының барлық ережелеріне бағынады, сондай-ақ университет аясында белгіленген құжаттар бойынша бір басқармаға қарау және бағыну принципімен жұмыс атқарады. Өзінің жұмысында баспалық қызметтерді белгілейтін нормативті құжаттарды, жоғары ұйымдардың директивалы нұсқаулықтарын және университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басып шығаруда Қазақстан Республикасының заңнамасымен жетекшілік етеді.

Шығыс Қазақстандағы ұлттық құндылықтардың негізгі көзі ретінде халықтың жадында тарихи-мәдени ескерткіштердің және археологиялық ескерткіштердің сақталып қалу мақсатында 26 қараша 2013 жыл, №378-п бұйрығы бойынша ШҚМУ баспасын 13 қараша 2013 жылдан бастап «Берел» деп аталсын.

Баспаның негізгі міндеттері:

  • университет ректорының бекіткен тематикалық жоспарын уақытылы орындау;

  • дайын өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

  • университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да қажеттіліктерін полиграфиялық өнімдермен қамтамасыз ету.

Қызмет бағыты:

  • университеттің және де оның құрылымдық бөлімшелеріне арналған оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді және де басқа да қажеттіліктерді басып шығару:
  • баспаны заманауи компьютерлермен және полиграфиялық техникалармен жабдықтау;
  • материалдық-техникалық базаны дамыту, заманауи дизайнмен және жоғары сапалы баспалық өнімдермен қамтамасыз ететін кадрлық потенциалды құру;
  • кадрлық құрамның біліктіліктерін жүйелі түрде дамыту, жұмысшылардың өз-өзін алмастыруы және жұмысты ұйымдастыруда тиімді әдістерді енгізу.
  • Баспа университеттің құрылымдық бөлімшелерінің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Кнопка "Наверх" с иконкой

Мемлекеттік лицензия
Оқу-әдістемелік құралдар мен қосымша әдебиеттерді басып шығару қызметі үшін ҚР білім және ғылым министрлігі РМҚК ШҚМУ-ға берді.
Лицензияның негізгі шарты – мерзімсіз.
Лицензияны берген мекеме: ҚР білім және ғылым министрлігі.
Лицензияның берілген күні: 3 наурыз 2004 жыл.
Лицензия нөмірі: №0000047. Астана қ.