13 наурыз 2026
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ТОҒЫСЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ЖАБЫЛДЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде 2026 жылдың 2–13 наурызы аралығында «Ғылыми-жаратылыстану» пәндік-циклдік бірлестігінің дәстүрлі апталығы өтті. Биылғы апталық «Жаратылыстану және цифрлық интеллект тоғысы» тақырыбымен ұйымдастырылып, жаратылыстану ғылымдары мен заманауи цифрлық технологиялардың өзара байланысын көрсетуге бағытталды.
Апталықтың мақсаты – студенттердің ғылыми көзқарасын кеңейту, пәндік құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект, графика, биология, физика және құқық салалары бойынша білімді тәжірибемен ұштастыру.
Апталықта өткен негізгі іс-шараларды атап өтсек. Апталықтың ашылу салтанаты (02.03.2026) колледж фойесінде салтанатты түрде ашылды. «Ғылыми-жаратылыстану» бірлестігі оқытушылары жаратылыстану ғылымдарының заманауи білім беру үдерісіндегі маңызын атап өтіп, оқытушылар мен студенттерге жаңа апталықтың бағдарламасын ұсынды.
Қонақ дәрісті бірлестіктің оқытушылары Калиакперова Н.З. мен Жамигулова Т.З. ұйымдастыруымен өтті. Өскемен жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Дырданова Ф.А. және Кузембаева Н.К. студенттерге жасөспірім денсаулығын сақтаудың заманауи тәсілдері туралы ғылыми-тәжірибелік дәрісін өткізді.
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттеріне «Заң менің өмірімде: цифрлық интеллект және құқық» эссе байқауын арнайы пәндер оқытушылары Рамазанова Э.Н мен Чыншаева Н.Т. ұйымдастырып өткізді. IT мамандығының студенттері цифрлық дәуірдегі құқықтық мәдениетті дамытуға арналған эсселер ұсынды. Байқауға қызығушылық жоғары болды. Осы мамандықты білім алушылары «Жасанды интеллект дәуірінің көшбасшылары» атты жоғары оқу орнының AI-Centre орталығына экскурсия жасады. Академиялық және қолданбалы жасанды интеллект жобаларымен танысып, топтар арасында инттелектуалдық тартысты ойын ұйымдастырылды.
Оқытушылар заң саласындағы мифтерді талдап, оларды математикалық логикамен салыстыру арқылы ерекше форматтағы «Заң vs Аңыздар» атты математика мен графика интеграциялық жарыс ұсынды.
Апталық жоспары бойынша ұйымдастырылуы мен құрлымдық мазмұны жоғары деңгейде өткен бірнеше ашық сабақтар мен көрсетілім сабағы өтті. Атап айтсақ, «Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелену. Фотоэффект» атты ашық сабақ (04.03.2026). Физика пәні оқытушысы Сабетқанова А.С. студенттерге жарық құбылыстарының қолданбалы маңызын тәжірибе арқылы көрсетті.
«Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі» атты ашық сабағы арқылы биология пәні мұғалімі Болат А.М. ЭКО технологиясының ғылыми негізін және маңыздылығын түсіндірді (11.03.2026).
Жалпы пән оқытушылары Камалбаева А.Т. мен Амангелді Ж.А. өткізген «Векторлық графика. Логотип және сызба жасау» атты тақырыбындағы ашық сабақта білім алушылар графикалық дизайнның негізгі құралдарымен жұмыс істеп, авторлық логотип эскиздерін жасады (11.03.2026).
Сондай-ақ, жалпы пән оқытушысы Абзоллина А.Е. «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары» көрсетілім сабағын өткізді (12.03.2026). Генетика тақырыбындағы тәжірибелік сабақ студенттердің қызығушылығын арттырды.
Ал «EcoQuest: Ғылым лабиринті» квест-ойыны білім алушылардың ғылыми бағытқа жетелейтін жоғыры дәрежеде өткен іс-шара болды (12.03.2026). Студенттер экология, биология, химия және физикаға байланысты тапсырмаларды орындап, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытты.
Апталықтың жабылу рәсімі – «Bilim Battle» интеллектуалды ойыны арқылы ерекше өтті (13.03.2026). Жас мамандар арасында өткен тартысты сайыс апталықты ерекше форматта қорытындылады. Қатысушылар логикалық тапсырмалар, жаратылыстану бағытындағы сұрақтар бойынша өз білімдерін сынады. Аталған ойын заманауи талаптарға сай арнайы әзірленген веб-сайт негізінде өткізіліп, қатысушылар білім мен жылдамдықты, логика мен тапқырлықты қатар сынады. Бұл жоба цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің нақты үлгісі ретінде көрініс тапты.
Интеллектуалды ойын барысында оқытушылар өзара бақ сынасып, түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, жоғары белсенділік көрсетті. Ойын қатысушыларға тек білімдерін тексеріп қана қоймай, командалық рух пен кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Қорытындылай келе, «Жаратылыстану және цифрлық интеллект тоғысы» апталығы — студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырған, жаңа білім мен дағдыларды тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік берген ауқымды шара болды. Әрбір іс-шара оқу үдерісін дамытуға, студенттердің ғылыми-шығармашылық әлеуетін көтеруге бағытталды.
Апталықты жоғары деңгейде ұйымдастырған «Ғылыми-жаратылыстану» пәндік-циклдік бірлестігіне, барлық оқытушыларға және белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!
В ВЫСШЕМ КОЛЛЕДЖЕ ТОРЖЕСТВЕННО






