«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

«Алтайтану»
ғылыми-зерттеу орталығы

Посткеңестік кеңістіктің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси трансформациялануы және ХХ-ХХІ ғасырлардағы халықаралық интеграция мен жаһандану үдерістерінің детерминалдануы бір жағынан, соңғы жылдар оқиғалары, өткен шақтың тарихи-саяси деректерінің әркелкі сипатталуы, халықаралық қарым-қатынастар мен жаһандық дағдарыстың ушығуы екінші жағынан, тарихи және мәдени мұраларды зерттеп, сақтау мәселелерімен бірге  Шығыс Қазақстан мен трансшекаралы кеңістікте болып жатқан этномәдени және этносаяси үдерістерді зерттеп, ғылыми тұрғыдан саралаудың қажеттілігін тудырып отыр. Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия мемлекеттерінің тоғысындағы Шығыс Қазақстан аймағының өзіндік ерекшелігі мен шекаралық жағдайын ескере отырып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 290-п бұйрығымен «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Шығыс Қазақстан мен Үлкен Алтай аймағының трансшекаралық кеңістігіндегі пәнаралық байланыстар тоғысындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті теориялық-әдіснамалық мәселелері мен олардың қолданбалы жақтарына байланысты ғылыми-зерттеулер жүргізу.

Ғылыми-зерттеу: тарих, этнология, этнография, әлеуметтік антропология, этнопсихология, этнопедагогика, мәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, түркітану, география, экология мен экономика салаларында кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмысы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен; Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік университетімен, Түркиядағы Улудаг Университеті, ҚР ҒЖБМ Философия және саясаттану институты, Доржи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен; аймақтың  ғылыми-білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Ағартушылық: Орталықтың құрылымдық бөлімшесі ШҚУ музейі арқылы және ШҚОМА-мен серіктестік арқылы жүзеге асырылады, негізгі жұмыс түрлері тақырыптық көрмелер, экспозициялар, кеңестер, дәрістер, экскурсиялар болады.

Білім беру: факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысы мен әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алушылардың оқу іс-тәжірибелерін ұйымдастыру мақсатында Орталық әрекеті базалық болып табылады.

-  Шығыс Қазақстанның трансшекаралық кеңістігінің өткені, қазіргісі және болашағындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, этномәдени үдерістерді зерттеп, болжау бойынша фундаментальді және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

- Үлкен Алтай аумағындағы аймақаралық ғылыми серіктестік бойынша болашағы бар бағыттарды анықтап, әзірлеу;

Алтайдың тарихи-мәдени мұрасы мен табиғи байлығын қорғау бойынша аймақаралық байланыстарды дамыту және нығайту;

- Трансшекаралық мемлекеттер мен Үлкен Алтай ұлттары өкілдерінің өзара әсерлерін кеңейту және нығайту;

- Үлкен Алтайдың білім беру мекемелерімен ЖОО-аралық ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту.

Руника Алтая фильм

2025 жылдың 5 желтоқсанында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Altaytanu ғылыми зерттеу орталығы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы академик Б. Мамраев атындағы ғылыми кітапханамен бірлесе отырып «Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы және Үлкен Алтайды заманауи зерттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өткізді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарыдың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын зерттей және насихаттай отырып, Үлкен Алтай аймағының заманауи зерттелуін талқылау.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинардың модераторы «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Жайлаубаева Аида Нұрланқызы (Аида Жайлаубаева) болды. Семинар барысында «Алтайтану» ҒЗО директоры, PhD докторы Майра Шуршитбайқызы Тарлаубай «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының жұмысымен таныстыра отырып, Үлкен Алтайды зерттеудегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің рөліне тоқталып өтсе, Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алтай Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Лариса Николаевна Тыбыкова «Алтай руникасы» ғылыми-танымал деректі фильмін ұсынып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. (деректі фильмді көру үшін осы сілтемеге өтіңіз (https://www.dropbox.com/scl/fi/p59dekuvjnob7wr7toej1/.mp4?rlkey=mpo7zgz7fmrnsc0k5sejcfucf&e=1&st=pysbvoe8&dl=0) Сонымен қатар академик Б. Мамраев атындағы ғылыми зертхананың бас кітапханашысы Светлана Юрьевна Самойлова «Үлкен Алтайдың ғылыми зерттеулеріне арналған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті кітапханасының ресурстары» атты тақырыпта баяндама жасай отырып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің академик Б. Мамраев атындағы ғылыми кітапханасындағы сирек қорымен таныстырды (https://vku.edu.kz/mamraev-library). Өз кезегінде сөз алған Моңғол мемлекеттік білім беру университетінің Баян-Өлгей аймағындағы филиалының директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Khinalgan Jilkhyaidar жалпы Моңғол мемлекеттік білім беру университетінің Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі туралы ақпарат бере отырып Үлкен Алтайдың зерттелмеген қырларының әлі көп екеніне тоқталып өттіп, болашақта екі университет ортасында жақсы байланыс орнап, ғалымдарға бірігіп жұмыс жасау мүмкіндігі болатынына сенім танытты. «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Раушангул Зақанқызы Мұқышева (Раушан Гүл) «Шоқан Уәлиханов - түркі халықтарының фольклорын зерттеуші ғалым» атты тақырыпта баяндама жасап, өзінің Мажарстанда көп жылдар қызметте болған кездегі Алтайистиканы зерттеу тәжірибесімен бөлісті. Келесі баяндамашы «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Айгүл Төлеуханқызы Жиренова (Айгуль Жиренова) «Ш. Уәлиханов және мәдени өзін-өзі тану идеясы: этнографиялық сипаттамадан ұлттық жобаға дейін» атты тақырыпта баяндама жасап Шоқан Уәлихановтың балалық шағынан зерттеу жұмыстарына дейін талдап өтті.
Қорытындылай келе қатысушылар Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен ғылымға қосқан үлесін талқылады, Үлкен Алтай аймағы бойынша заманауи зерттеу әдістері мен нәтижелері талданып, ұсыныстар ұсынылды, Кітапханалық және ғылыми ресурстарды тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Семинар ғылыми қоғамдастық үшін және білім алушылар үшін маңызды ақпараттық-тәжірибелік алаң болды.

 

 

 

ҒЫЛЫМИ БАСЫМДЫҚТАР:

Этнографиялық, этнологиялық, этномәдени зерттеулер:

ғылыми зерттеулердің жағдайы мен болашағы, академиялық және ЖОО ғылымының интеграциясы, ауызша тарих орталықтарын ұйымдастыру, ұлттық-мәдени қозғалыстардың артуы, Үлкен Алтай халықтарының этногенезі, Алтайдың қазіргі түркі тектес халықтарының этно және мәденигенезі, дәстүрлі мәдениет пен өмірді қамтамасыз ету, халықтардың ментальді мінез-құлқының, толеранттылығы мен этносаралық диалогінің этнопсихологиялық қырлары, Алтай халықтарының этномәдени мұрасын сақтау және насихаттау, мәдениаралы қатынастар мен этносаралық өзара әрекет, Алтайдың шекаралық аумақтарындағы қазіргі этномәдени жағдай, этноәлеуметтік және этноконфессионалдық үдерістер, мұражай этнографиясын дамыту, этнографиялық коллекцияларды насихаттау, Үлкен Алтай халықтарының қолөнері мен промыслы, этникалық дәстүрлердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі мен трансформациялануы, Алтайдың мәдениеті мен мәдени кеңістігі, мәдениаралық диалог.