Университет Даму бағдарламасын келесі құндылықтарға негіздейді:
— мұраның құндылығы: университеттік зерттеулер, бағдарламалар, мектептер, білім беру басымдықтары мен негізгі өмірлік құндылықтар, тарихи жады және Ұлттық мұра ұрпақтарының сабақтастығы;
— ғылым мен инновацияның құндылығы: білім мен ғылым және мәдениет саласындағы инновацияларды құру үшін және ортақ ұлттық мақсаттар мен жаһандық мүдделерді қалыптастыру үшін әрқайсысының озық дамуында;
— теңдіктің құндылығы: әркімнің өзінің өмірлік білім беру жолын қалыптастырудағы және кәсіби қоғамдастықтарда өз күш-жігерін шоғырландырудағы мүмкіндіктерінің теңдігінде;
— болашақтың құндылығы: қалаған, басқарылатын болашақты құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылуда;
— біртұтастықтың құндылығы – университеттің академиялық, зерттеу, басқару, әлеуметтік және студенттік өмірінің барлық аспектілеріндегі бірлікте.