Оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімі
Оқу әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімі
- Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизияшылар көшесі 34 (№1 оқу ғимараты), 226, 243,245 каб.
- Тел.: 540-437, 540-171

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің мақсаты –кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару.
– университеттің оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру;
– оқу үдерісімен қамтамасыз ету бойынша жоғары мектеп, кафедра және басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
– кафедраның ОПҚ-ның құрамының оқу жүктемесін есептеу, тексеру, орындалуын қадағалау;
– білім алушылардың аралық және қорытынды бақылау бойынша нәтижелерін, оқу үдерісінің барысын сараптау, бақылау;
– оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған нұсқаулық материалдарды әзірлеу және құрастыру;
– университеттегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
– барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту.
- уақыт қорын пайдалануды есептеу деректер базасын құру (кафедраға жүктелген білім беру бағдарламалары мен пәндер бойынша, ЖОЖ бойынша, білім алушылар контингенті бойынша) және оқу жылына ОПҚ-ның оқу жүктемесін есептеу;
- жоғарғы кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына арналған элективті пәндер каталогын жасау және бекітуді ұйымдастыру және қадағалау;
- жоғарғы кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына ЖОЖ ұйымдастыру, тексеру, қабылдау;
- профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуын тексеру;
- ҚР Президенті шәкірт-ақысына үміткерлердің құжаттарын ҒжЖБ министірлігіне жіберу;
- кафедраларға бекітілген оқу пәндерін ұйымдастыру, бақылау;
- дипломдық жұмыстарға (жобаларға) жетекшілік ету бойынша кафедралардың жұмысын бақылау;
- мемлекеттік аттестаттау комиссияларының және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша комиссияның құрамы туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау;
- талдамалық анықтама құру үшін барлық оқу түрлері бойынша білім алушылардың үлгерімдерін саралау (№34 форма);
- білім беру бағдарламаларын лицензиялау үшін ҚР ҒжЖБМ жіберілетін құжаттарды рәсімдеу; мемлекеттік сұраныс бойынша мамандар даярлау; емтихан сессиясы (№34 форма) және бітірушілердің мемлекеттік аттестатциясы бойынша статистикалық есеп жасау;
- жаңа оқу жылына ЖОО-ның кафедраларының дайындығын ұйымдастыру және тексеру;
- жоғарғы құрылымдардың Ғылыми Кеңес, ректорат бұйрықтарын, қызметтік хаттарын және басқа да нормативті құжаттардың орындалуын қадағалау;
- оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша академиялық саясат және білім беру бағдарламаларды басқару департаменті директордың және оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша академиялық мәселелері жөніндегі проректордың қызметтік тапсырмаларын орындау;
- Ғылыми кеңес, оқу құрылымдарының жетекшілерінің жиналыстарына талқыланатын оқу үрдісіне байланысты сұрақтарды дайындау;
- университеттің номенклатурасына сәйкес құжаттардың уақытылы архивке сақтауға немесе жоюға өткізілуін қадағалап отыру;
- кафедралардың, жоғары мектептердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау және үйлестіру;
- барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту;
- сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;
- оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және басып шығаруға ұсыныс жасау;
- оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
- білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды сараптау; – жаңа оқу бағдарламаларын зерделеуді ұйымдастыру және оларды оқу процесіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, бастауыш педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтарын дайындауға және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге көмек көрсету;
- оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
Біздің команда

Хамитова Зенура Кайсабековна
Бөлім жетекшісі

Козыбаева Айнур Куатпековна
жобалау кеңсесінің жетекшісі

Карабаева Назира Акашевна
әдіскер

Токаева Жанылхан Толеукановна
іс-тәжірибе жетекшісі

Рустемова Нуржан Касымбаевна
әдіскер

Конбаева Карлыгаш Туймебековна
әдіскер

Тұрарова Айгерім Күнтуғанқызы
әдіскер

Баймуратова Мөлдір Ерланқызы
әдіскер

Сұңғатқызы Дана
инженер-бағдарламашы

Есімжомартова Дина Дарынқызы
әдіскері