Бухгалтерлік есеп бөлімі

Касенуалиева Зере Есимжомартовна

Бас бухгалтер

Бухгалтерия университеттің дербес қурылымдық бөлімшесі болып табылады және ол тікелей ректорға және бірінші проректорға бағынады. Бухгалтерия өз қызметінде Бухгалтерия туралы ережені басшылыққа алады.

Нормативтік құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы» Заңы және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР Салық Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР Еңбек Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР «Білім беру туралы» Заңы.
  • Университет Жарғысы.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

  • Шығындар мен айналым есебін жүргізу, шығындар сметасының орындалуына, қызмет көрсету есебін жүргізу, өнім, жұмыстар мен қызмет көрсету өзіндік құнының экономикалық жағынан дәлелді есеп беру калькуляцияларын жасау; белгіленген ережелерге сәйкес университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне нақты есеп жүргізу.
  • Мемлекеттік бюджетке төлемдерді дұрыс есептеу және уақытында аудару.
  • Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазбалар негізінде дұрыс бухгалтерлік есептерді жасау, белгіленген мерзімде тиісті органдарға оларды тапсыру.
  • Бухгалтерлік құжаттарды сақтау, оларды белгілінген тәртіпте рәсімдеу және мұрағатқа тапсыру.
  • Ұйым қызметкерлері шаруашылық операцияларды жүзеге асырған кезде мүлік пен міндеттемелердің мақсатқа сәйкестілігі, қолда бары және қозғалысы туралы, белгіленген ереже, норматив және сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қолдану туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Ұйымның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау.
  • Бухгалтерлік ақпаратқа есеп жүргізу әдістерін, сондай-ақ есеп беру ақпараттарын өңдеу технологиясын  анықтау.
  • Белгіленген тәртіпте ұйымның есеп саясатын қалыптастыру.

Бөлімнің қызметтері:

  • Жаппай, үздіксіз, деректі және өзара байланысты бейнелеу арқылы ақшалай түрде табиғи өлшемдер негізінде мүлік, міндеттемелер және шаруашылық операциялар есебін ұйымдастыру.
  • Жарғы капиталы, бөлінген мүлік бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.
  • Ұзақ мерзімді инвестициялар мен оларды қаржыландыру көздерінің есебін жүргізу.
  • Негізгі қорлар, негізгі құрал-жабдықтар мен мүлік, бейматериалдық активтер амортизациясы есебін ұйымдастыру.
  • Материалдардың түсуі мен шығуына жинақтама және талдама есеп жүргізуді ұйымдастыру.
  • Қызметкерлермен, зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша, жалақыдан шегеру бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.

Бөлімді басқару және оның құрылымы:
Бас бухгалтер қызметіне ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің келісімі бойынша университет ректорымен тағайындалады. Бухгалтерия бөлімі бас бухгалтерге бағынады.

Бөлімнің құрылымы:

  • Бас бухгалтер, тел.: 54-13-67 (ішкі 133), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Университет қызметкерлерімен жұмыс жасау бойынша есептеу тобы, тел.: 54-07-53 (ішкі 137), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Материалдық топ, тел.: 54-07-53 (ішкі 136), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Студенттермен жұмыс жасау бойынша топ, тел.: 54-07-53 (ішкі 134), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Касса, тел.: 54-09-00, сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін.

Бөлімнің құқығы:
Бөлімнің қызметкерлері:

  • Барлық ұйым қызметкерлерінен ұйымда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін бастапқы құжаттардың уақытында тапсырылуын талап етуге.
  • Ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық қорлар және басқа да құндылықтарды кабылдау, кіріске алу, сақтау және шығындау тәртібін қадағалауға.
  • Ұйымның әр қызметкерінен бухгалтерлік есептің тиісті жүргізілуін қамтамасыз ететін ішкі құжаттардың  дұрыс жүргізілуін талап етуге.
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін, құпиялы ақпаратты, қызметкерлерді қорғау және ұйымның мүлігін сақтау бойынша жүйені жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
  • Бөлім қызметкерлерінің құзыретіне тиісті сұрақтар бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне түсініктеме және ұсыныстар беруге.
  • Дұрыс бухгалтерлік есеп жүргізу үшін және бөлімге жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрауға және алуға.
  • Ұйым қызметкерлерінен қаржылық құжаттарды дайындау тәртібінде анықталған қателіктерді жоюды талап етуге.
  • Заттай және ақшалай мөлшерде шаруашылық операциялар туралы мәліметтері бар толық ресімделмеген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттарды ұйым қызметкерлерінен алмауға құқылы.

Бухгалтериядан өз құзыретіне қатысты ақпаратты талап ету қажет, өйткені ҚР «Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп беру туралы» Заңының 12 бабына сәйкес бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімінің мазмұны коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратқа жатады, оларға тек қана басшылықтың рұқсаты бар адамдар қол жеткізе алады.

 

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 — шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 202, 205, 209, 211 кабинеттер
Тел.: 8 (7232) 54-13-67