Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы
Жумажанов Жетпис Бектасович
Штаб жетекшісі
Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ ПОҚ, қызметкерлері мен студенттерінің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауының алдын алу және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану бойынша жұмысты жүргізеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын, арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді, жұмыс орнында болған жазатайым оқиғаларды уақтылы тергеп — тексеруді қамтамасыз етеді.
Негізгі міндеттері:
АҚ және ТЖ бойынша:
- Бейбіт және соғыс уақытына арналған АҚ жөніндегі жоспарды әзірлеуге басшылық жасау, оны жыл сайын түзетуді жүзеге асыру;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде көмек көрсету және өзін-өзі құтқару тәсілдері бойынша басшы құрамның, профессорлық-оқытушылық құрамның, қызметкерлер мен студенттердің, АҚ құралымдарының АҚ және ТЖ бойынша дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру;
- АҚ бастығының бұйрықтары мен өкімдерін орындаушыларға уақтылы жеткізу;
- АҚ және ТЖ жөніндегі комиссияны, сондай-ақ объектінің басқа да комиссияларын құруға және жұмысына қатысу;
- Жоғары тұрған органдарға хабарламалар мен басқа да есептік құжаттарды уақтылы ұсыну;
- АҚ бастығының нұсқауы бойынша жүйелі тексеру жүргізу және өртке қарсы жағдайы үшін жауапты тұлғалармен бірлесіп нысандардың өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысу;
- АҚ және ТЖ бойынша барлық іс-шаралардың өткізілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
- АҚ және ТЖ бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіру, АҚ және ТЖ насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- Жұмыс және жұмыс тыс уақытында байланыс және хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру;
- АҚ құрылымдарымен сабақтар, оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізіп, оқитындардың барлық санаттарын даярлаудың есебін жүргізу.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша:
- — Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, белгіленген ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауын бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындау.
- — Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық – техникалық, санитарлық- гигиеналық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру.
- — ЕҚ және ҚТ бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, ЕҚ және ҚТ бойынша ішкі бақылауды, ПОҚ, қызметкерлер мен студенттердің Қазақстан Республикасының ЕҚ және ҚТ бойынша нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын жүзеге асыру.
- ПОҚ, қызметкерлер мен студенттерде ЕҚ және ҚТ бойынша нұсқамалар өткізуді ұйымдастыру, оқыту, талаптарды білуін тексеру.
- — ЕҚ және ҚТ бойынша заңнаманың және өзге де құқықтық актілердің сақталуын бақылау.
- — ЕҚ және ҚТ бойынша насихаттауды ұйымдастыру.
Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, 30 — шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты), 428 каб.
Тел.: 8 (7232) 540-413
E-mail: GZhumazhanov@vkgu.kz