Шетелдік студенттерге
- Қабылдау шарттары
- Студенттерге арналған жадынама
- Студенттік үйде тұру ережелері
АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:
- Құжаттарды жинау және тапсыру
- Сұқпат өту
- Сұқпаттың нәтижесін жариялау, оның қорытындысы бойынша талапкер студенттер контингентіне ақылы негізде қабылданады
- Оқу шартына қол қою
- Құжаттарды қабылдау: 1 маусымнан 25 тамызға дейін жүзеге асырылады
ГРАНТҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:
- Стипендиялық бағдарлама бойынша Грант беріледі:
- Шетел азаматына-Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамға.
- Грантқа кіреді: тегін оқу және ай сайынғы стипендия.
- Стипендиялық бағдарламаға құжаттарды ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығының веб-порталы арқылы онлайн тапсыруға болады
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқуды жоспарлап отырған және оқитын шетел азаматтарына арналған ақпарат
«Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ негізгі білім беру бағдарламасына қабылданғаннан кейін әрбір шетелдік азамат (студент) ҚР аумағына келген сәттен бастап үш күн мерзімде ҚР аумағында болу ережелерімен танысу және келгені туралы хабарламаны ресімдеу үшін ШҚО халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуге міндетті.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:
- Төлқұжат.
Шетел азаматтары ҚР қолданыстағы көші-қон заңнамасының нормаларын сақтауға, сондай-ақ көші-қонды есепке алу қағидаларын сақтау үшін талап етілетін қажетті ақпарат пен құжаттарды уақтылы ұсынуға міндетті.
Шетел азаматы ҚР шекарасын кесіп өткен сайын ол бұл туралы университет инспекторына жеке өзі хабарлап, ҚР шекарасын кесіп өткеннен кейін үш күндік кезеңде халықаралық бөлімге (Қазақстан к-сі, 55, 302 кабинет) келуі қажет.
ҚР аумағында ұзақ мерзімді болу үшін шетелдік студент тиісті құжатты (ВИЗА немесе УТР – уақытша тұруға рұқсат) ресімдеуі қажет.
Визаны ресімдеуге арналған құжаттар:
- Төлқұжат
- Фото 3х4 (1 дана)
-
- Оқуға қабылдау туралы анықтама (немесе оқуға қабылдау туралы бұйрық)
* Этникалық қазақ студенттер үшін: студенттің этникалық қазақ екенін куәландыратын анықтаманың нотариалды аудармасы.
УТР ресімдеуге арналған құжаттар:
- Төлқұжат
- Оқуға қабылдау туралы анықтама (немесе оқуға қабылдау туралы бұйрық)
- ЖСН
- Тұруға келісім (университет жатақханасынан немесе студент тұратын пәтер иесінен)
1. Шетелдік білім алушылар:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, елдің әдет-ғұрыптары мен жалпы қабылданған дәстүрлерін құрметтеуге;
- Университет Жарғысының, жатақханаларда тұру ережелерінің талаптарын орындауға;
- басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
- ұлттық паспорттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын оны жаңасына ұзартуға немесе ауыстыруға және есепке алу үшін құжаттарына өзгерістер енгізуге университеттің халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуға;
- университетті бітіргеннен кейін немесе өзге себептер бойынша оқудан шығарылғаннан кейін белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге;
- университет әкімшілігіне, оқытушылары мен қызметкерлеріне, бір-біріне құрметпен қарауға, оқу процесін жүргізуге және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеуге, университетте белгіленген ережелер мен тәртіпті бұзуды тоқтату бойынша тиісті өкілеттіктерге ие университет әкімшілігі мен басқа да қызметкерлерінің заңды талаптарын дереу орындауға міндетті.
«СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕДЕН»
ҮЗІНДІ
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАТАҢ ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!
СТУДЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Студенттер үйінің тәртіп ержелерін қатаң түрде сақтау;
- Өзінің бөлмесінде, жеке және ортақ орындарда, студенттер үйі ауласында тазалық сақтау;
- Студенттер үйінің мүлкін және өздеріне бекітілген құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану;
- Заттарды бүлдерген немесе сындырған жағдайда, студенттер кеңесінен комиссия құрылып, акт толтыру негізінде заттай қалпына келтіріледі. Студенттер үйінде студенттер кеңесін сайлауға және өздері де мүшеболып сайлануға;
- Электр және газ құралдарын пайдалнуға қауіпсіздк ержелерін сақтау;
- Электр энергиясын, ыстық және суық суды үнемді пайдалану;
- Студент үйінің маңайында сенбіліктерге шығу;
- Демалысқа және практикалық жұмысқа шыққандаөзіне бекітілген заттарды, бөлменің кілтін студенттер үйінің меңгерушісіне тапсыру.
-
Бөгде адамдарға кіруге рұқсат етілмейді;
-
Студенттер үйіне ішімдік ішіп келуге болмайды, насыбай, алкогольді сусындарды пайдалануға, студенттер үйінің аймағында шылым шегуге тыйым салынған;
-
Студенттер үйінің қызметкерлеріне, студенттік кеңес мүшелерінің қызметіне сыйластықпен қараныз.
Бізбен Байланыс
- Тел.: 8 (7232) 25-05-97 (ішкі.142)
- E-mail: mezhdunar_otdel@vku.edu.kz
- 070002, : Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55, № 5 оқу корпусы, каб. №302..