Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім

Байдрахманов Даурен Серикович

Бөлім жетекшісі

Бөлімнің негізгі мақсаты университетте толық әлеуметтік – педагогикалық орта құру, студенттер бойында жан-жақты дамыған әлеуметтік тұлға тәрбиелеу, студенттердің өздігінен шығармашылық қабілетін іске асыруға талпындыру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

– мамандарды даярлауда болашақ және қолданыстағы даярлау бағыттарына сәйкес мәліметтер қорын жасау мақсатымен маркетингтік зерттеулер, мамандықтар номенклатурасының мониторингісін жүргізу және жаңа мамандықтарды лицензиялау.
– тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік мәселелерді ұйымдастыру, бақылау және реттеу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тәрбие жұмыстарын жалпы басқару;
– тәрбие жұмыстарын болашақ және ағымдық жоспарлау;
– мамандарды даярлау сапасының мониторингі;
– студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізуге жаңа әдістер енгізу, кураторлар тәжірибесін жинақтау;
– университет Ғылыми кеңесі мен ректоратының жоспарларының, шешімдерінің, ректор мен стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлардың тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, есептік құжаттама мен ағымдағы шұғыл ақпаратты дайындау;
– уақытындағы талаптарға сай бөлім қызметкерлерінің біліктіліктілігін үздіксіз арттырып отыру;
– университеттің білім беру сапасының менеджменті жүйесі дамуының мақсаттары мен бағыттарының бірлігін қамтамасыз ететін тәрбие үрдісіне тиімді жетекшілік ету;
– әрбие үрдісінің сапасын басқарудың барлық деңгейлерінде ТЖжӘС бойынша бөлім жұмысшыларының жауапкершілігін арттыру, қолайлы ішкі орта мен барлық үрдіске қатысушыларды нақты нәтижелерге жетуге ынталандыратын уәж жүйесін құру;
– университет имиджін құруға және қолдауға қатысу.