Магистратура
ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНЫҢ КОДЫ МЕН ЖІКТЕЛІМІ | БББ ТОБЫНЫҢ КОДЫ | БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫНЫҢ АТАУЫ | БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОДЫ ЖӘНЕ АТАУЫ | АККРЕДИТТЕУ МӘРТЕБЕСІ |
---|---|---|---|---|
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ - 7М01 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | ||||
7М011 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ | M001 | Педагогика және психология | 7М01101 Педагогика және психология | Аккредиттелген |
7M01104 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP) | ||||
7M01103 Білім берудегі зерттеулер (IP) | ||||
7М012 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ | M002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 7М01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Аккредиттелген |
7M013 ПӘНДІК МАМАНДАНДЫРЫЛМАҒАН ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ | M003 | Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 7М01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | Аккредиттелген |
7M014 ЖАЛПЫ ДАМУДЫҢ ПӘНДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ | M005 | Дене шынықтыру педагогтерін даярлау | 7М01401 Дене шынықтыру және спорт | Аккредиттелген |
M007 | Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау | 7М01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика | Аккредиттелген | |
7M015 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ | M010 | Математика педагогтерін даярлау (казақ, орыс, ағылшын тілдері) | 7М01503 Математика | Аккредиттелген |
M011 | Физика педагогтерін даярлау (казақ, орыс, ағылшын тілдері) | 7М01502 Физика | Аккредиттелген | |
M012 | Информатика педагогтерін даярлау (казақ, орыс, ағылшын тілдері) | 7М01501 Информатика | Аккредиттелген> | |
7М01513 STEM білім беру | Аккредиттелген | |||
7M01507 Цифрлық педагогика (IP) | ||||
М013 | Химия педагогтерін даярлау (казақ, орыс, ағылшын тілдері) | 7М01504 Химия | Аккредиттелген | |
M014 | Биология педагогтерін даярлау (казақ, орыс, ағылшын тілдері) | 7М01505 Биология | Аккредиттелген | |
М015 | География педагогтерін даярлау | 7M01506 География | Аккредиттелген | |
7M016 ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ | M016 | Тарих педагогтерін даярлау | 7М01601 Тарих | Аккредиттелген |
7M017 ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ | M017 | Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | 7М01701 Қазақ тілі және әдебиет | Аккредиттелген |
М018 | Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | 7М01702 Орыс тілі және әдебиет | Аккредиттелген | |
M019 | Шет тілі педагогтерін даярлау | 7М01703 Шет тілі: екі шет тілі | Аккредиттелген | |
7М019 АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА | M021 | Арнайы педагогика | 7М01901 Дефектология | Аккредиттелген |
Арнайы педагогика:Аутистік спектрі бұзылған балаларды қолдау (IP) | ||||
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ – 7М02 ӨНЕР ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | ||||
7М022 ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | М050 | Философия және әдеп | 7М02201 Философия | Аккредиттелген |
М053 | Тарих | 7М02202 Тарих | Аккредиттелген | |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ – 7М03 ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР, ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ | ||||
7М031 ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР | M066 | Психология | 7М03101 Психология | Аккредиттелген |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ – 7М04 БИЗНЕС, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ | ||||
7М041 БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ | M070 | Экономика | 7M04101 Экономика | Аккредиттелген |
M070 | Экономика | 7M04102 Экономика және басқару | Аккредиттелген | |
M071 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | 7М04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару | Аккредиттелген | |
М072 | Менеджмент және басқару | 7М04105 Менеджмент | ||
M074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | 7M04107 Қаржы және есеп | ||
7М042 ҚҰҚЫҚ | M078 | Құқық | 7М04201 Құқықтану | Аккредиттелген |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 7М05 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА | ||||
7М051 БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҒЫЛЫМДАР | M080 | Биология | 7М05101 Биология | Аккредиттелген |
7М052 ҚОРШАҒАН ОРТА | M084 | География | 7М05201 География | Аккредиттелген |
M087 | Қоршаған ортаны қорғау технологиясы | 7М05202 Экология | Аккредиттелген | |
7М053 ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | M089 | Химия | 7М05302 Химия | Аккредиттелген |
M090 | Физика | 7М05301 Физика | Аккредиттелген | |
7М054 МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА | M092 | Математика және статистика | 7М05401 Математика | Аккредиттелген |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ - 7М06 АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР | ||||
7М061 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР | M094 | Ақпараттық технологиялар | 7М06101 Информатика | Аккредиттелген |
7М06102 Ақпараттық жүйелер | Аккредиттелген | |||
БІЛІМ САЛАСЫ - 7М11 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ | ||||
7М112 ГИГИЕНА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ | М150 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | 7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау | Аккредиттелген |
Өтініштерді қабылдау
Магистратураға түсушілердің кешенді тестілеуге өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімде жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін;
2) күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 18 қарашаға дейін.
Тестілеу құны – 14693 теңге.
Өңірлік тестілеу
Магистратураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары өңірлік тестілеу орталықтарының базасында компьютерлік форматта келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 20 шілдесі мен 10 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.
Кешенді тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
Түсу емтихандары мен КТ тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.
Магистратураға оқуға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Магистратураға түскен тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1
- Университет басшысының атына өтініш;
- жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, көшірмесі);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- 3×4 сантиметр өлшемді 2 фотосурет;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
- шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);
- еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
2
✅Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
IELTS, шекті балл — кемінде 6,0,
TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60,
TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498,
DSH, (Niveau С1/деңгей C1),
TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі),
TFI — оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес,
DELF, B2 деңгейі,
DALF, C1 деңгейі,
TCF – кемінде 50 балл.
3
✅ Сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға шет тілі бойынша тестілеуден 50 балл есептеледі.
4
✅ Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте:
- шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
5
✅ Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 70 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте:
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл. Екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
6
✅ Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде оқуға КТ және түсу емтихандары бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін кемінде 30 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл;
Бізбен Байланыс
Қабылдау комиссиясы
-
8 7232 540-812
8 7232 540-144
8 777 709 83 88
8 771 305 77 57
8 701 345 76 89 - rostvkgu@mail.ru
- Өскемен қаласы, 30-ші Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 №1 оқу ғимараты, 231 кабинет