Шаруашылық департаменті

Шаруашылық департаменті

Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55, каб. 305
Тел.: 8 (7232) 24-13-01 ішкі 110, 109
E-mail: prorector_social_@vkgu.kzhoz_upravlenievkgu.kz@mail.ru.

Әуелбаев Еркін Маратұлы

Директор

Шаруашылық департаменті Университет ректорының бұйрығымен 2010 жылдың 25 тамызында құрылды. Бөлім «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  1. Білім үрдісін жүргізу үшін университет нысандарын техникалық дайындауды қамтамасыз ету.
  2. Еңбекті қорғау нормалары мен талаптарына сай оқу орындарын, зертханаларды, кабинеттерді, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бөлімшелерді қажетті мүкәмалмен және жиһазбен қамтамасыз ету.
  3. Оқу ғимараттарын, жатақхана, асхана, оқу-спорттық қорларды, гараж, қоймаларды ретке келтіру және тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайын қамтамасыз ету.
  4. Ғимараттарды және оған іргелес аумақтарды пайдалану және күтіп баптау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  5. Автокөлік шаруашылығының қауіпсіз жұмысын ұйымдастыру.
  6. ҚНмЕ-ге лайықты тиісті жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаумен бірге ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Оқу ғимараттары мен университет жатақханаларының инженерлік желілеріне және оларды дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізу.
  8. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормалардың сақталуын бақылау, қауіпсіз және дұрыс еңбек жағдайын қамтамасыз ету.

Университет есебінде 8 оқу-зертханалық ғимарат бар. ШҚМУ-дың оқу ғимараттарының жалпы ауданы 41974 м2, оның ішінде оқу-зертханалардың ауданы 23999 м2 құрайды.
Для проживания иногородних студентов университет располагает 4 общежитиями на 1750 мест общей площадью 16915 кв.м., в том числе жилая площадь составляет Университет қарамағында өзге қалалардан келген студенттердің тұруына арналған жалпы ауданы 16915 м2 1750 орынға арналған 4 жатақхана бар, соның ішінде тұрғын үйдің ауданы 9530 м2 құрайды. Жатақханалар орындарының тұрғындармен қамтылуы – 100%.
Салауатты өмір салтын сақтау мен денсаулықты нығайту үшін университетте 16 үйден тұратын ОҒӨБ «Сібе» оқу-ғылыми өндірістік кешені бар. Студенттер жазғы өндірістік іс-тәжірибеден Г.Вистениус-Д.Панкратьев атындағы ОСПО–да өтеді.