IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы
Адиканова Салтанат
PhD докторы
Толық биография
Адиканова Салтанат, 1982 жылы туған, ұлты қазақ, PhD, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі — 17 жыл, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жұмыс өтілі — 17 жыл.
2018 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында докторлық диссертациясын қорғап, «6D070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін алды.
2006 жылдан бастап Салтанат Сайларбекқызы өзінің кәсіби мансабын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бастады, «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2011 жылға дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Компьютерлік техника мен желіге техникалық және сервистік қызмет көрсету» орталығы басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2011–2014 жылдары «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс атқарды.
2014 жылдан 2017 жылға дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тіркеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы. Қызмет ету барысында 2 монография шығарды (біреуі ағылшын тілінде), 7 оқу және 3 оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
Соңғы үш жылда авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 7 авторлық куәлік алынды.
50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде: 12-сі шетелде, 9 мақала нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда, Хирша индексі — 1, 10 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда, 9 авторлық куәлік және 19 баяндама халықаралық конференцияларда жарияланды.
Қазір IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі университеттің ірі құрылымдық бөлімшесі. Жоғары мектепте біліктілігі жоғары мамандар жұмыс атқарады, оның ішінде 11 ғылым докторы, профессорлар, 38 ғылым кандидаттары, доценттер, 19 PhD докторлары қызмет атқарады.
ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің құрамында 6 кафедра бар: физика және технологиялар; компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар; математика; биология; экология және география; химия. Кафедралар 3 оқу ғимаратында, зертханалар 4 оқу ғимаратында орналасқан. Барлық 6 кафедра бітіруші түлектерді дайындайды.
Барлық педагогикалық, жаратылыстану ғылыми және техникалық бағыттағы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары аккредитациялаудан өткен. 2023–2024 оқу жылы бойынша жоғары мектепте 53 БББ, оның ішінде 29 БББ бакалавриат, 16 БББ магистратура және 8 БББ докторантура бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. Үш деңгейлі білім беру 8 БББ-да, екі деңгейлі білім беру 16 БББ-да жүзеге асырылады.
Жоғары мектепте заманауи оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу базалары бар: компьютерлік және мультимедиялық сыныптар; робототехника кабинеті; физика және технологиялар кафедрасының докторанттарына арналған кабинет; нан-тоқаш және кондитерлік өндіріс бойынша оқу шеберханасы; тігін өндірісі технологиясы бойынша оқу шеберханасы және агротехника зертханасы. 2020–2021 оқу жылында №7 оқу ғимаратында «STEM орталығы» ашылды.
Жоғары мектепте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының Шығыс Қазақстан филиалы жұмыс істейді. Облыстағы жалғыз — заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық зертхана, сонымен қатар сынама-технологиялық құрылғылар кешені бар. Биотехнологиялар, фитохимия және экология зертханалары. «Шығыс Қазақстан інжу маржандары» ғылыми-білім беру кешені.
Кадрлық құрамы 90 оқытушыдан тұрады, жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамның сапалық дәрежесі 60%-ды құрайды.
Жыл сайын жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» байқауына қатысады.
Жоғары мектебіміздің келесі оқытушылары «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары:
- 2018–2019 оқу жылы — Нугуманова А.Б., Рахадилов Б.К., Абылкалыкова Р.Б.
- 2019–2020 оқу жылы — Жилкашинова А.М., Жантасова Ж.З.
- 2020–2021 оқу жылы — Адиканова С., Женсикбаева Н.Ж., Тлебалдинова А.С.
- 2021–2022 оқу жылы — Байгереев Д.Р., Сагдолдина Ж.Б.
- 2022–2023 оқу жылы — Скаков М.К., Алимбекова Н.Б., Буйткенов Д.Б.