Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра

Latest ekit news

Ekit Latest News

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның тарихы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – бұл 70 жылдық тарихы бар және де еліміздің шығысында жоғары кәсіби кадрларды даярлау саласындағы көшбасшылық жоғары беделге ие жоғары оқу орны болып табылады. Осындай беделді университет үшін заманауи әскери кафедраның ашылуы тағы бір маңызды қадам болып табылады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің әскери кафедрасының тарихы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың 2019 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен басталады. Оған дейін материалдық-техникалық базаны құру және өз ісінің нағыз мамандары болып табылатын оқытушыларды шақыру бойынша ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің стратегиялық көзқарасы, студенттерді әскери даярлықтан өткізудің өзектілігін ұғына білуі мен табандылығы, және де бүкіл ұжымның жұмыла атқарған күш-жігерінің арқасында біздің сүйікті университетіміздің тарихында алғаш рет көптеген студенттердің арманы болған  – жоғары оқу орны қабырғасында  жүріп, офицерлік атақ алудың нағыз мүмкіндігіне қол жеткізілді.

 

Толық оқу

Әскери кафедраның салтанатты ашылуы 2019 жылдың 28 мамырында өтті. Ол біздің университеттің тарихына жоғары оқу орнының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне араласуға, ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары санатты офицерлерді даярлауға деген сұранысын қанағаттандыруға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге өз үлесін қосуға әзірлігін танытатын айтулы оқиға ретінде енді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №12 шешімі және университет ректоры М.А. Төлегеннің 2019 жылғы 10 шілдедегі №261 бұйрығымен әскери кафедраға жоңғар басқыншыларымен күресте қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, даңқты жауынгер, қолбасшы Қабанбай батырдың есімі берілді. Қабанбай батыр туған жерін жаудан азат ету жолында 103 шайқасқа қатысып, бірде-біреуінде жеңіліс таппаған – бұл қазіргі жастар үшін лайықты үлгі.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-ің  Әскери кафедрасы.

Керенцев Александр Николаевич

Әскери кафедра бастығы

Құрметті студенттер, ата-аналар! 

Әскери кафедраға түсу үшін құжаттарды қабылдау

 2024 жылдың 15 қаңтарынан 15 мамырға дейін

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші курс (3,4 жылдық оқумен) және екінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.

Оқу грант және ақылы негізінде.

Оқу мерзімі 2 (екі) жыл.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші, екінші курс (4 жылдық оқумен), бірінші, екінші, үшінші курс (5 жылдық оқумен) студенттері қабылданады.

Оқу ақылы.

Оқу мерзімі 1 (бір) жыл.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
  4. 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;
  5. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  6. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);
  7. Факультет деканы қол қойған ЖЖООКБ студентінің нақты оқуы туралы анықтама.
  8. Жеке істі рәсімдеуге арналған қағаз папкасы және екі мөлдір файл.

ОПҚ және қызметкерлер

Кемельбаев Канат Мухаметуалиевич

Әскери кафедра бастығының орынбасары

Сансызбаев Бектас Сансызбайулы

Цикл бастығы

Сеилханов Фархат Шарапиевич

Аға оқытушы

Самкенов Акылбек Нурдыбекович

Аға оқытушы

Еспердинов Даурен Болатович

Аға оқытушы

Нугуманов Ришад Даулетканович

Аға оқытушы

Мамырбекұлы Жанасыл

Аға оқытушы

Жарасбаева Нургуль Казыбековна

Оқытушы

Токпаева Гулнар Сапарбековна

Оқытушы

Дырынбаев Талгат Қадылбекұлы

Инженер