8 августа 2023


СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНЕ ОРНАЛАСУ: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

— 1 курс студенттерін орналастыру 2023 жылдың 25 тамызынан 05 қыркүйекке дейін online-форматта Университеттің ресми порталында http://euniver.vkgu.kz/ жүргізіледі:

— Педагогика Жоғары мектебінің 1-курс студенттері, Педагогика Жоғары мектебінің 2-4 курс студенттері, жергілікті басқару органдарының мемлекеттік тапсырысы бойынша білім алатын студенттер Менделеев көшесі 7 мекен-жайы бойынша №1 Студенттер үйіне орналасады.

— Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 42 мекен-жайы бойынша орналасқан №3 Студенттер үйіне орналасады.

— ІТ және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 40 мекен-жайы бойынша №4 Студенттер үйіне орналасады.

— Жоғарғы колледж, Бизнес және Құқық Жоғары мектебінің 1-4 курс студенттері, ІТ және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 38 мекен-жайы бойынша №5 Студенттер үйіне орналасады.

Жоғары курстарды онлайн орналастыру:

— 2-4 курс студенттерінің Студентттік үйлердегі бұрынғы орындары сақталады.

— 2-4 курс студенттері 30 тамыздан 05 қыркүйекке дейін С Аманжолов атындағы ШҚУ www.vku.edu.kz. порталында өтінімдер бойынша тіркеуден өтуі керек.

Орналасу үшін қажетті құжаттар:

1.             №1 қосымшаға сәйкес Ректордың атына өтініш: Жоғары мектеп деканы мен тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың қолымен;

2.             Жеке куәліктің көшірмесі;

3.             3*4 сурет (3 дана);

Қосымша бар болса төмендегідей құжаттар беріледі:

·                ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);

·                қандас куәлігінің көшірмесі (бар болса);

·                отбасында 4 немесе одан да көп бала бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалалы отбасыларға);

·                мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

 Студенттер үйіне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:

— Өтінім және Online-студенттерді тіркеу;

— Университет ректорымен бекітілген ордерлерді орналастыру және беру комиссиясы «Парасат» СҚКО 30-Гвардиялық дивизия көшесі бойынша 38-40, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жұмыс істейді (түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін), сенбі және жексенбі күндерін қоса.

— Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат). Сосын Студенттер үйіне комендантқа барып орналасу керек.

2023-2024 оқу жылына Студенттер үйінде тұру айына, бір орын үшін студенттерге 10 000 теңге.

— Бос орындар болған жағдайда әр Жоғары мектепте оқитын бір отбасының студенттері бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжат болған жағдайда орналастырылады (ҚР Тұрғын үй кодексіне сәйкес 14 жасқа толған әр жынысты балалар бөлек тұрғызылуы тиіс).

— Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға болады +7 (7232) 540 42787059804170 немесе Coll-орталыққа.

— Студенттердің туыстары мен ата-аналарының Студенттер үйінде тұруға құқылары жоқ.