Главная » Жаналықтар » МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНА КЕЛДІ

8 Қыркүйек 2023


МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНА КЕЛДІ

ШҚУ-да «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті. Университетке қонаққа ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ринат Акпар, облыстық Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Анна Акпар және облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Анар Қайсанова келді. Шараны ұйымдастырушы қ.ғ.к., құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Марианна Дячук болды.
Қатысушылар алқабилер сотының тақырыбын талқылады. Ринат Акпардың айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық істер бір судья мен он алқабилер алқасы құрамымен қаралады. Соңғысы процессті бақылап, төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоя алады.
Айта кетейік, сот алқабилердің қатысуымен айыпталушының кінәлі немесе кінәлі еместігі және тұлғаны кінәлі деп тану кезінде жаза тағайындау туралы мәселені қарайды. Кездесу барысында студенттер салаға қызығушылықтарын білдіріп, заң өкілдерімен өзара пікір алмасты.