13 Қыркүйек 2023


БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоспарлы Басқарма отырысы өтті. Жиналыс барысында қатысушылар WorldSkills талаптарын оқу үдерісіне енгізу, ұжымдық пайдалану Ұлттық ғылыми зертханасының ғылыми қызметінің нәтижелері туралы баяндамаларды тыңдады, сондай-ақ университеттің қабылдау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Сонымен қатар, ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген профессор Гүлмира Зайнелованы мерейтойымен құттықтады.
– Сіздің жұмысқа деген жоғары жауапкершілігіңіз кәсібилігіңіздің дәлелі. Университет ұжымы сізді туған күніңізбен құттықтайды, – дейді Мұхтар Төлеген.
Айта кетейік, алғашқы әскери дайындық кафедрасының профессоры Гүлмира Зайнелова оқу орынында 30 жыл жұмыс істейді.