Главная » Жаналықтар » УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ НИДЕРЛАНДЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

14 Қыркүйек 2023


УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ НИДЕРЛАНДЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхананың директоры Перизат Нұралиева Нидерландыда өткен Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар федерациясының Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресіне қатысты. Шараға 100 елден 3000-нан астам делегат қатысты.
Конгресс барысында кітапхана және ақпараттық ғылымдар мамандары кітапхана қоғамдастығын дамыту үшін баяндамаларын оқып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
– Қазір кітапханалар залдары оқырмандарға толы. Өйткені адамдар үшін кітапханалар коммуникация және уақытты қызықтыру орындарына айналды, – дейді Перизат Нұралиева.
Конгресс бағдарламасына секциялық отырыстар, плакат сессиялары, көрмелер мен флешмобтар енген.
Шара соңында қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.