20 сентября 2023
AMANZHOLOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
Халықаралық ынтымақтастық жоғары оқу орындары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Ол озық үрдістер мен жаңа білімді зерделеу бойынша әлемдік көшбасшылардың стандарттарын белгілейді, онсыз қазіргі білім беруді елестету мүмкін емес.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен италиялық Генуи, Кассино және Оңтүстік Лацио университеттері арасында ынтымақтастық орнағалы үш жылдан асты. ЖОО-дары арасындағы әріптестік ерекше. Таяу уақытта академиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне жетеміз.
— Бір айдан соң Италияға аттанамыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз. Соның арқасында бірлескен жобалар, гранттар санын арттыруға мүмкіндік бар. Одан бөлек оқу орындарының студенттері мен ППҚ-сы өзара тәжірибе алмасуға ниетті. Сонымен қатар, біз итальяндық мәдени-білім беру орталығы мен бірлескен білім беру бағдарламаларын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ERASMUS+ шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асыру ойда бар, — деді оқу орыны ректоры Мұхтар Төлеген.
Қыркүйек айының басында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Солтүстік Кипрдің Таяу шығыс университетінің профессоры Хусейн Узунбойлу мен Кассино және Оңтүстік Лацио италияндық университетінің профессоры Алессандро Фигус келді.
Ғылым доктор Узунбойлуның бес академиялық кітабы жарық көрсе, Web of Science платформасында 88 мақаласы жарияланған. Бүгінге дейін ол 20 докторлық және 56 кандидаттық диссертация жұмыстарына жетекшілік еткен. Хусейн Узунбойлу университет студенттеріне «Білім берудегі цирфлық технологиялар», «Білім беруде цирфлық технологияларды енгізудегі қиындықтар», «Scopus ғылыми мақалаларына қойылатын талаптар» және «Білім беру платформаларын оқыту сапасын арттыру құралы ретінде пайдалану» тақырыптарында дәрістік сабақтар өткізуде.
Халықаралық менеджмент институтының құрметті Лауреаты Алессандро Фигус саясаттану, халықаралық қатынастар және әлеуметтану мамандықтарының білім алушыларына халықаралық қатынастар, Болон процесі шеңберіндегі туризм және көшбасшылық саласындағы ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік саясаты тақырыптарында дәріс оқуда.