20 сентября 2023
COURSERA ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ: ӘЛЕМДІК АУҚЫМДАҒЫ БІЛІМ
Coursera әлемдегі жетекші білім беру платформаларының бірі. Тиімді онлайн оқуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл туралы С. Аманжолов атындағы ШҚУ Қашықтық технологиялар бөлімінің басшысы Зәуре Сарынова айтты.
Оның пікірінше, платформаның маңызы оның әртүрлі тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде курстар мен материалдар ұсынуында жатыр.
Сапалы білімге қол жеткізуді көптеген елдер басым бағыт етіп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Coursera-ны қазақ тілінде енгізу елдегі білім беру ортасын байытып, өзін-өзі тәрбиелеу мен кәсіби даму үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер бермек.
— Coursera арқасында қазақстандық студенттер мен ғалымдар әлемдік жетекші университеттер мен ұйымдардың түрлі пәндері бойынша 2000-нан астам курстарына қол жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл жаһандық стандарттар деңгейінде оқу деген сөз. Биылғы оқу жылында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ прогрессивті жобаны іске асыратын оқу орындарының тізіміне енді. Университет Coursera платформасында курстардан өтуге мүмкіндік беретін 500 лицензия алды. Оның 50-і қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Бұл бастама әлемнің жетекші университеттері әзірлеген 10 000-нан астам ағылшын тіліндегі курстарға қол жеткізуге жол ашады, — дейді Зәуре Сарынова.
Жалпы Coursera ұсынатын кәсіби сертификаттау студенттердің алған білімінің аккредиттелуін қамтамасыз етіп, түйіндемелерін жақсартып, келешекте табысты жұмысқа орналасуға ықпал етеді.
ШҚУ студенттерінің курстарға деген қызығушылықтары жоғары. Білім алушылар мен оқытушылар бұл үрдіс сапалы білім беруді қамтып, мықты маман даярлау жолында үлкен маңызға ие екенін түсінеді, дейді маман.
Coursera қазақ тілінде өзінің білімі мен дағдыларын дамытуға ұмтылғандарға жақсы мүмкіндік. Осылайша әлемдік білім беру қоғамдастығына интеграциялануға оң әсер етеді.