29 Қыркүйек 2023


ШҚУ-ДА 87 ВАКАНТТЫҚ ГРАНТ

29 қыркүйекте С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың білім беру бағдарламаларына берілген қосымша гранттардың саны белгілі болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі университетке 87 вакантты грант бөлді. Оның ішінде педагогикалық квотасы бар бес адам, көпбалалы отбасынан шыққан бір адам және халық тығыз қоныстанған өңірден келген бір адам бар.
Айта кетейік, бұл бос гранттар республикалық конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша байқаудан кейін қалған грант орындары. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сәйкес, гранттардың ең көп саны педагогикалық және инженерлік ғылымдарға, сондай-ақ “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар”, “Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика” бағыттары бойынша берілді.