18 Қазан 2023


ОҚЫТУШЫЛАР АРАСЫНДА ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін бас оқу-ғимаратында «Интерактивті тапсырмалардан тұратын бағдарламалар» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кубентаева Сәния Нұрланқызы жүргізді.
Оқыту семинары барысында, бірнеше интерактивті тапсырмаларды орындауға арналған платформалар көрсетіліп, жүргізілген семинар бойынша, оқытушылар арасында кері байланыс өткізілді.
ХХІ ғасыр өмірдің әртүрлі салаларына, соның ішінде білімге қатты әсер еткен инновациялар мен заманауи технологиялардың қарқынды дамуымен ерекше екенін атап өтетін болсақ, студенттермен интерактивті тапсырмаларды орындауға арналған платформаларды қолдануда білім сапасын жақсартуда маңызы зор.