18 октября 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да әскери кафедра студенттері Өскемен гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Сыбанбаев Есжан Әріпұлымен кездесті. Кездесу барысында әскери прокурор Есжан Әріпұлы студенттермен еркін әңгіме өрбітіп, есірткінің зияны мен оны таратудағы қылмыстық жауапкершілік жайлы баяндама оқыды. Артынша студенттер бас прокуратура өкілдері дайындаған бейнероликті тамашалап, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Әскери прокурордың айтуынша, жалпы осы іспетті кездесулерді студенттермен ұйымдастырудың есірткі қолданудың алдын-алуда маңызы зор.