19 октября 2023


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ: СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушыларына сертификаттар табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен 40 адам 13 білім беру бағдарламасы бойынша сертификат алды. Атап айтқанда, «Алғашқы әскери дайындық», «Тарих», «Информатика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі: екі шет тілі», «Химия», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Биология», «География», «Дефектология», «Математика» және «Физика».


Алты айлық оқыту барысында тыңдаушылар оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, білім берудің жаңартылған мазмұнымен, педагогикалық тәсілдермен және критериалды бағалау жүйесімен танысты.