23 октября 2023


III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛТАИСТИКА ФОРУМЫ

«Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері «Тарих пен қазіргі замандағы славян және түркі халықтарының бірлігі» ІІІ Халықаралық алтаистика форумына қатысты. Ауқымды форум Барнаул қаласында өтті. Ресей, Моңғолия, Венгрия және Орталық Азия елдерінің 92 университеттері мен ғылыми мекемелерінен 300-ден астам ғалым қатысты.
11 студент ШҚУ намысын халықаралық аренада қорғады. Олардың барлығы «Үлкен Алтай аймағындағы қоғамдық процестерді тарихи зерттеу» форумының жастар секциясында баяндамаларын оқыды. Жас ғалымдар Қазақ Алтайының археологиялық зерттеулері және осы аймақтағы мәдени-тарихи процестер туралы айтып берді.