Басты » Жаналықтар » ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КЕҢІСТІГІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
31 Қазан 2023
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КЕҢІСТІГІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ЖОО басшылығы жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігі ректорларының онлайн-конференциясына қатысты. Конференция жоғары білім берудің ұлттық жүйелерінің сапасын арттыру мәселелерін талқылауға, озық тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ Болон процесі қағидаттарында аккредиттеу жөніндегі бірыңғай Орталық Азия органын құру тәсілдерін әзірлеуге арналды. Қатысушылар жоғары оқу орындарының ректорлары, Орталық Азия елдерінің білім министрліктерінің және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері болды. Негізгі мақсат өңірдегі жоғары білім берудің ұлттық жүйелерінің сапасын арттыруды талқылау. Конференция барысында спикерлер жоғары білім берудің ұлттық моделі, оқу процесін жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік, стратегиялық әріптестік және студенттердің әлеуметтік белсенділігі тақырыбында баяндамалар жасады.