1 ноября 2023


ШҚУ-ДА ТЕМЕКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Құқықтану кафедрасы Өскемен қаласы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, облыстағы колледждердің директорларына және «Құқықтану», «Сот және прокурорлық қызмет» мамандықтарының студенттеріне арналған «Вейп пен электронды темекіні пайдаланудың алдын алу» –тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ЖОО профессорлары Жанна Садықанова, ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің өңірлік өкілі Қуат Рахымбердин және «ШҚО СӨС насихаттау-2023» жобасының үйлестірушісі Әйгерім Батырханова қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға Қуат Рахымбердин никотинді құрылғылардың алдын алу мәселесі туралы баяндама оқыды. Оның айтуынша, соңғы екі жылда елдегі вейп айналымы 300 есе өскен. Сондай-ақ қатысушыларға Өскемендегі 56 вейп-дүкен белгіленген интерактивті карта мен ақпараттық бейнеролик көрсетілді.

Ал, медициналық білімі бар маман Әйгерім Батырханова «Вейп неге зиянды?» тақырыбында сөз сөйлеп,оның жүректің, орталық жүйке жүйесінің және өкпе жұмысына зиян келтіретінін атап өтті.

Айта кетейік, семинар соңында кәсіби бағдар беру жұмысы да жүргізілді.