2 ноября 2023


ORHUN – СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түркі кеңесі Түркі университеттері одағының мүшелері арасында студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасуға бағытталған. Бағдарлама ШҚУ-да 2022-2023 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – халықаралық байланыстарды тереңдету және өзара тәжірибе алмасу. Бүгінгі таңда ниет білдірген студенттер Қазақстанда, Әзірбайжанда, Қырғызстанда, Түркияда және Венгрияда білім ала алады. Бағдарлама қатысушыларына оқу және тұру тегін.
Осы жылдың өзінде университеттің 10-нан астам студенті мен оқытушылары ORHUN аясында шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдауда. Атап айтқанда Жансая Саинова мен Сая Жұмабай Alanya Alaaddin Keykubat University-де (Түркия) оқуда. Өмірзақ Каденов пен Арман Садықов Bahçeşehir University-де (Түркия), ал Мадияр Дәулетқазы мен Дильназ Төлегенова Baku State University-де (Әзірбайжан) білім алып жатыр. Оқытушылар арасында Алма Байғужинова, Ляйля Ахметова, Динара Мамырбекова мен Майнұр Ордабаева бар. Олардың барлығы Azerbaycan Devlet İktisat Üniversitesi-де тағылымдамадан өтуде.
Университет үшін Одаққа мүше болу – жоғары білім мен мәдени байланыстарды дамытудағы маңызды қадам екенін айта кетейік.