14 Қараша 2023


«КАНИКУЛ AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДА » ЖОБАСЫНЫҢ КҮЗГІ МАУСЫМЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

ЖОО-да болашақ талапкерлер үшін «Каникул Amanzholov University-да» жобасы белсенді өтті. Жоба аясында ШҚО мектептерінің 11-сынып оқушылары ҰБТ пәндері бойынша онлайн курстарды аяқтады. Университет профессорлары оқушылар таңдаған пәндер бойынша сабақ берді. 600-ден астам түлекті қамтыған танымды цифрлық оқыту бес күнге созылды.


– Каникул кезінде маған «Қазақстан тарихы» пәнінен өткен курс өте қатты ұнады. Мен осы курстың арқасында, өзім осы уақытқа дейін түсінбей жүрген, білмейтін мәліметтерді ұғып, қызығушылықпен қатыстым. Мысалы, ерте темір дәуіріндегі тайпалар, Қазақстан аумағындағы әрбір тайпалық одақтың ескерткіштері, қоныстары, алғашқы адам түрлерінің бөлінуі, қола дәуірінің мәдениеттері т.б. Осындай курс ұйымдастырған университетке және Қазақстан тарихы пәні мұғаліміне көп рахмет, – деді Маржан Серікболқызы.


– Дүние жүзі тарихы пәні бойынша курсқа қатыстым. Курста жақсы мәліметтер айтылды, ежелгі дүние тарихынан бастап, біршама тақырыптарға шолу жасадық. Көптеген қызықты мәліметтер де айтылды, қиындық тудырған тақырыптарды талқыладық, – дейді Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасының оқушысы Жансая Қасымова.


– Құрметті мұғалімдер сіздерге көп рахмет! Осы 5 күн ішінде бізге білмегенімізді үйретіп, түсіндіріп білім нәрімен сусындатқандарыңызға мың алғыс. Жұмыстарыңызға береке , істеріңізге сәттілік тілеймін ! Ұстаз деген атқа әбден лайықсыздар!, – деп ізгі тілегімен бөліскен Катонқарағай ауылы Рыков атындағы орта мектебінің оқушысы Ажар Ерікқызы.


– Тарих пәнінен курс қысқа уақыттың ішінде маңызды деген тақырыптарды қамтып, сапалы білім бере алды деп ойлаймын. Ең алдымен тарих пәні мұғалімі Гүлнұр Қайырханқызына рахмет айтқым келеді және ұйымдастырып отырған С.Аманжолов атындағы университетке, мұғалімдерге үлкен рахмет!, – деп алған әсерімен бөлісті Аяулым Әбілбекова.


– Маған осы бес күн берген білімдеріңізге көп рахмет. Осы уақытта көп нәрсе білдім деп айта аламын. Барлық мұғалімдерге алғыс айтамын. Әсіресе, Құқық пәні мұғалімі Лаура Ерланқызына алғысым шесіз. Сабақтар жақсы әрі түсінікті өтті, – дейді К.Аханов атындағы орта мектептің шәкірті Күміс Серік.


Айта кетейік, келесі осындай курстарды биылғы оқу жылының қысқы және көктемгі демалыстары кезінде өткізу жоспарлануда.