23 Қараша 2023


«ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП-ХIV»

Amanzholov University – де ізденімпаз және креативті мектеп оқушылары–химиктер үшін «Химиялық калейдоскоп – ХIV» Турнирі өтті. Турнир қатысушыларына ректор, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Университет басшысы балаларға турнирде табыс тілеп, аймақтағы химия өндірісінің орнын ерекше атап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне оқуға шақырды. Сонымен қатар маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Болатова Жаннель Болатовна құттықтау сөз сөйледі.  Турнирді ұйымдастыруға және өткізуге «Химия және наноматериалдар» және «Химиялық криминалистикалық сараптама», «Химия және биология» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысты.

Турнирге «Таныстыру», «Ой серпілісі», «Белсенді жанкүйерлер», «Химиктер-лириктер» сияқты байқаулар енді. Командалар өздерін интеллектуалды және шығармашылық жағынан көрсетіп, ал «Капитандар сайысы» және «Жас химик» байқауларында балалар теориялық және практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындады.

Биылғы турнирдің тақырыбы – «Тотығу-тотықсыздану реакциялары». Қарапайым тақырып емес. Дегенмен мектеп мұғалімдері турнирді осы тақырыпқа арнауды ұсынды, осылайша оқушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын тағы бір рет шоғырландыруға, материалды жете түсінуге мүмкіндік алды. Турнир барысында интерактивті викториналар, Quiz, химиялық ребустарды шешу бойынша конкурстар өткізілді, сондай-ақ демонстрациялық эксперимент орындалды.

Турнир екі күнге созылды, динамикалық және позитивті болды, қатысушылар мен ұйымдастырушылар жақсы эмоционалды заряд алды. Оқушылар университеттің химиялық зертханалары жағдайында турнирдің эксперименттік тапсырмасын орындай алды. Оқушыларға химиялық флеш-моб және «Буриме», «Шаш өру»байқаулары ұнады.

Нәтижелерге келетін болсақ:

«Белсенді жанкүйерлер» номинациясында № 11 мектеп-лицейінің «Redox» командасына тең болған жоқ. Ал «Химиктер-лириктер» номинациясында екінші жыл қатарынан № 39 орта мектептің «Орион» командасына жеңімпаз болды.

Биыл алғаш рет «Студенттік көзайым» номинациясы ұсынылды. Біздің студенттер № 23 орта мектептің жанкүйерлері мен «Алмаз» командасының мүшелеріне басымдық берді. Номинация оқушыларға да, студенттерге де ұнады.

Соңында пән мұғалімдеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар табыс етілді, жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, сертификаттарымен, бағалы сыйлықтармен және ШҚУ логотипі бар естелік кәдесыйлармен марапатталды.

Турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша орыс тілінде оқытатын мектеп оқушылары арасында жеңімпаздар анықталды:

– «Үздік экспериментатор» номинациясына – Колесников Денис және Иванов Данил (№15 орта мектеп КММ);

– «Үздік теоретик» номинациясында – Ильгов Егор (Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі КММ).

Жүлделі үшінші орынды № 27 мектептің «Металлургия» және М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектептен «Нейтрондар» командалары иеленді.

Екінші орынды №15 орта мектептің «Алмаз» және №11 мектеп-лицейдің «Redox» командалары иеленді.

Жеңімпаз Ы.Алтынсарин атындағы № 39 мектептің «Орион» командасы болды.

Турнир қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде оқытатын мектеп оқушылары арасында

«Үздік практик» номинациясы бойынша М. Шаяхметов атындағы № 23 орта мектептің Жанатұлы Темірлан мен Рахмашев Рамиль, «Үздік теоретик» номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей–интернатының оқушысы Ағзам Қайырым жеңімпаз атанды.

Жүлделі үшінші орынды «Түсті металдар» (қорытынды балл – 42,5; №46 ОМ) және «Bar$» (қорытынды балл – 49,5; М.Шаяхметов атындағы № 23 ОМ) командалары бөлісті.

Екінші орынды «FeCaS» (қорытынды балл – 54,6; №47 ОМ) және «Smart» (қорытынды балл – 56,1; №44 О.Бөкей атындағы мектеп-лицей) командалары иеленді.

Жеңімпаз «Жалын» командасы (қорытынды балл – 68; Өскемен қаласының Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты) болды.