24 Қараша 2023


ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БОЙЫНША ОЛИМПИАДА

Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасы 2023 жылғы 24 қарашада 11 сынып оқушылары арасында қаржы және есеп бойынша облыстық олимпиада өткізді. Олимпиадаға Өскемен қаласының келесі мектептері қатысты:   Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп,  Қ.Нұрғалиев атындағы  №43 мектеп-лицейі,        №46 орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі.

Олимпиаданың қатысушылары барлық тапсырмаларға қызығушылық көрсетіп, жоғары білім деңгейін байқатты. Олимпиада қорытындысы бойынша: жүлделі орындар, номинациялар бойынша грамоталар, әр қатысушыға көрсеткен белсенділігі үшін грамоталар және жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен жалпыкомандалық жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын – Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі және  №46 орта мектеп арасында бөлінді;

II орын – Қ.Нұрғалиев атындағы  №43 мектеп-лицейі;

III орын – Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп.

Жеке есепте Бас жүлдені Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Қабылбаева Мөлдір және Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Дулатов Әли жеңіп алды. Олимпиаданың Гран-при иегері (жеңімпазы) С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушыларын әлеуметтік қолдау шаралары туралы Ережеде көзделген тәртіпке сәйкес 1 оқу жылына университет грантын тағайындауға мүмкіндік алады.

Үздік эссе номинациясы бойынша №46 орта мектеп 11 сынып оқушысы Асылбек Жанерке,  үздік презентация номинациясы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, үздік ғылыми жоба номинациясы №46 орта мектеп марапатталды. Өз кезегінде қатысушылар мен олардың жетекшілері олимпиаданы ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін зор алғыстарын білдірді.