28 Қараша 2023


Жоғары колледжде «Бір колледж – бір кітап» акциясы өтті


«Оқу колледжі» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес 2023 жылдың  қараша айында Жоғары колледжде «Бір ел – бір кітап» республикалық тақырыбы аясында«Бір колледж – бір кітап» акциясы өтті. Бұл акция белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған. Кітапхана оқырмандарына оның қызметінің қыр-сырын ашатын көрме ұсынылды. 

П2В жоғары колледжінің бір топ студенттері оқытушы Л.А.Омариева мен кітапхана қызметкерінің жетекшілігімен «Парасат майданы» шығармалары мен «Көкжиек», «Ақиқат» әңгімелер жинақтары негізіндегі кураторлық сағатын өткізді.  Кураторлық сағат барысында автордың «Күзгі жапырақтар» шығармасымен танысу және драматург шығармаларын талқылау жүзеге асырылды.