29 Қараша 2023


ШҚУ ПРОФЕССОРЫНЫҢ МОНОГРАФИЯСЫ РЕСЕЙДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қуат Рахымбердин Кемерово мемлекеттік университетінің Кузбасс гуманитарлық-педагогикалық институты кітапханасының ғылыми қорына авторлық монографиясын тапсырды. Еңбек «ГУЛАГ мұрасын еңсеру: Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің өткенінен бүгініне дейін» деп аталады. ШҚУ-лық ғалымның монографиясын ресейлік ғалым, заң ғылымдарының кандидаты Максим Гета таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелері қызметінің мәселелері монографияда баяндалған. Ол мәселелер Ресей Федерациясының пенитенциарлық жүйесіне де тән.
Айта кетейік, ШҚУ профессорлары мен ресейлік жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы жүйелі және жемісті сипатқа ие.