1 Желтоқсан 2023


«МЕН ЖӘНЕ КОРЕЯ» ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы корей тілінде шешендік өнер байқауын ұйымдастырды. Шара атауы «Мен және Корея». Оған «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Қазылар алқасы мүшелері ретінде Өскемен қаласының корей ұйымдарының өкілдері шақырылды.
Байқау барысында білім алушылар оқу, жазу және сөйлеу арқылы тілді білу бойынша жоғары деңгейлерін көрсетті. Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.