7 декабря 2023


Жоғары колледжде ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 1-курс студенттері арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық олимпиада өтті

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжімен бірлесіп, 2023 жылдың 07 желтоқсанында ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 1-курс студенттері арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан тарихын зерттеп-зерделеуге, гуманитарлық пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып, дарынды білім алушыларды анықтап, тарих және өлкетану бойынша білімдерін дамытып, Отанға деген мақтанышын арттыру.
Олимпиада 2 кезең бойынша өткізіліп, оған барлығы 25 студент қатысты. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтіп, оның қорытындысы бойынша 13 студент екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде студенттер «Ұлы даланың тарихи келбеті», «Ұлт зиялыларының тарихи жолдары», «Өлкенің тарихи-мәдени мұрасы», «Қазақтардың қоғамдық-құқықтық құрылымының тарихы» сынды тақырыптар бойынша презентация жұмыстарын қорғады.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – Сапарханова Еркем Сымбатқызы (С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі);
ІІ орын – Айнабек Диас Айнабекұлы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі), Серғали Толғанай Сымбатқызы (С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі);
ІІІ орын – Троеглазова Анна Петровна (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі), Сабжанов Жангир Амангелдіұлы (Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжі), Серікбол Аулет Маратұлы (Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT-колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!