8 Желтоқсан 2023


ШҚУ ПРОФЕССОРЛАРЫ ФИНЛЯНДИЯДАН КЕЛГЕН ОҚЫТУШЫЛАРМЕН БІРЛЕСІП ТРЕНИНГ ӘЗІРЛЕУДЕ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессорлары Светлана Стельмах пен Ирина Мацкевич Финляндия және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарынан келген оқытушылар құрамынан құралған топпен педагогтарға арналған жаңа тренинг әзірлеуде. Тренинг білім берудегі заманауи трендтерге, студенттерге бағдарлануға, оқытудың белсенді әдістеріне, заманауи бағалауға, IT, IQI, GPT-Chat-қа арналған. Айта кетейік, келесі жылдың қаңтар-мамыр айларында 1800 оқытушы үшін ауқымды тренинг өтеді. Естеріңізге сала кетейік, ШҚУ-да «Эргопедагогика» және «Ерте қолдау педагогикасы» жаңа білім беру бағдарламалары ашылып, оқыту жүргізіліп жатыр.