11 Желтоқсан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ТУРНИР ӨТТІ

ШҚУ Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы және «RoboValli» мектебінің ұйымдастыруымен 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында робототехника бойынша жарыс өтті.
Байқау роботты құрастырудың төрт қиындық деңгейі бойынша өтті. Атап айтқанда, Level 1 (5-6 жас), Level 2 (7-8 жас), Level 3 (9-10 жас), Level 4 (11-15 жас). Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – елдегі спорттық және білім беру робототехникасын насихаттау, сондай-ақ жобалау және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды қолдау.
Қазылар алқасының құрамында сеньор-лектор Ақмарал Жақсылықова, лектор Дәулетбек Ағызам, «Жас техниктер станциясы» робототехника бөлімінің меңгерушісі Думан Шәкер және Өскемен политехникалық колледжінің оқытушысы Жанар Баденова болды.
Турнир соңында қатысушыларға дипломдар, жүлделі орындар үшін медальдар және жарыстың демеушісі – Rabbit батут орталығының бағалы сыйлықтары табысталды.
«Роботты құрастыр» Level 1 сынында Абаев Эверест бірінші орынға, Кириллов Матвей мен Миллят Бексұлтан екінші орынға, Қамархан Бекарыс пен Қапан Санжар және Қабанов Роман үшінші орынға ие болды.
Level 2 кезеңінде Саитұлы Санжар, Иванов Семен – бірінші орын, Буторина Николь, Бородулин Дмитрий – екінші орын, Даниленко Роман, Уазырханов Арсен – үшінші орынға тұрақтады.
Level 3: Төлеубек Ералы, Жәнібек Әлтайыр – бірінші орын, Маут Хақназар, Төлеужанов Расул – екінші орын, Базарбек Мағжан, Ернарұлы Ердаулет – үшінші орын.
Level 4: Дәулетхан Әлихан, Дүйсенов Саламат – бірінші орын, Төкенов Бауыржан, Қайырғазин Жігер – екінші орын, Кикбаев Айбар, Есімхан Ерқанат – үшінші орын.