12 декабря 2023


МАНСАПТЫҚ ӨСУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бітіруші курс түлектері Өскемен қаласы мансаптық орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында болашақ мамандар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламаларымен танысты.

Айта кетейік, «Professional Upgrading» мансап орталығы №1 оқу корпусының базасында, 209 аудиторияда орналасқан. Қалалық Мансап орталығының мекенжайы: Шәкәрім даңғылы, 149/10, №3 кабинет.