13 декабря 2023


Жоғары колледжде “Білім алушының таңдау пәні бойынша” педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті

Бүгін НО3б(9) тобында 20 қараша мен 1 қаңтар аралығында «Білім алушының таңдау пәні бойынша” өткен педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті. Қорытынды конференцияда машықкерлер алдымызда келе жатқан «Тәуелсіздік күні» мерекесімен байланыстыра отырып, практика барысында алған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жеткен жетістіктері мен алған әсерлері, қиыншылықтарын ерекше форматта ортаға салды. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданған әдіс -тәсілдерді көрсетті. Қатысушы ұстаздармен көңілді сергіту сәттерін ұйымдастырып, QR -кодтар арқылы кері байланыс орнатты. Келесі іс-тәжірибеде басшылыққа алатын кезеңдерді атап көрсетті. Конференция соңын ұстаздарға арналған ән шумақтарымен аяқтады.