23 декабря 2023


Жоғары колледждің ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының кәсіптік бағдар берушілері арасындағы қашықтықтан өткен облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші» бейне-роликтер байқауында үздік деп танылды

2023 жылдың 19 желтоқсанынан бастап 22 желтоқсанына дейін ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының кәсіптік бағдар берушілері арасындағы қашықтықтан өткен облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші» бейне-роликтер байқауы өтті. 

Бұл байқауға ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында жұмыс істейтін 6 кәсіптік бағдар берушісі қатысты.

Байқауға ұсынылған барлық бейнероликтер талапкерлер үшін маңызды және өзекті мазмұнға ие болды, оларға болашақ мамандықты таңдауға көмек болды. Бұл байқауға қатысушылар әртүрлі кәсіби салалар, сондай-ақ мансаптық мүмкіндіктер туралы құнды және пайдалы кеңестер мен ақпарат бергенге тырысты. 

Қазылар алқасының объективті бағалауынан және ШҚО бойынша Орталықтың Facebook парақшасында ашық дауыс беруден кейін 2023 жылғы «Үздік кәсіби бағдаршы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

1-ші орынды Жоғары колледжіміздің  тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, кәсіби бағдар берушісі — Таранова Анель Сериковна иеленді;

2 орын-Рашидова Аяулым Рашидқызы, Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжінің өкілі иеленді;

3 орын — Төкенова Ақерке Аймұханбетқызы, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің өкілдері иеленді.

Біз жеңімпаздарды және Анель Сериковнаны құттықтаймыз!