25 декабря 2023


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ — АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДНТТЕРІ БІРІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

2023 жылдың желтоқсан айының 20-жұлдызында Қазақ КСР-ның халық мұғалімі, еңбек сіңірген мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың туғанына 100-жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен «Мемлекеттік тілді білу — азаматтық парыз» атты облыстық олимпиада ұйымдастырылды. 13 колледжден 14 студент қатысты, Өскемен қаласынан және аудандардан студенттер келді. Тапсырмалардың орындалуын төмендегі сараптау комиссиясы бағалады:
1. Сагитжанова Зәру Тыныштықпаевна, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Тілдік құзыреттілік орталығының» қазақ және орыс тілі пәндерінің оқытушысы, фиология ғылымдарының кандидаты.
2. Қайырбаева Жазира Қуатбекқызы, Филология және тарих факультетінің аға оқытушысы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті.
3. Курманова Жұпар, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өкілі.
4. Есимжанова Гульжан Турсынгалиевна, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Тілдік құзыреттілік орталығының» қазақ және орыс тілі пәндерінің оқытушысы.
Олимпиада үш кезеңнен өткізілді. Олимпиада «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушылары дайындаған тапсырмалары бойынша өткізілді.
1 кезең: тестілеу
2-кезең: оқу, тыңдау
3 кезең: эссе жазу. 1-кезеңде қатысушылар оқу пәндерінің бағдарламалық талаптарына сәйкес келетін қазақ тілінің грамматикасы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест шешуден өтті.
Тест тапсырмаларын орындауға 30 минут уақыт берілді, қатысушыға
электронды нұсқасы ұсынылды (компьютерде жумыс істеу).
Әр бір дұрыс орындалған тапсырма 1 ұпаймен бағаланды. Жұмыстың соңында жалпы ұпай саны берілді.
Қатысушылар 1-кезеңнің қорытындысы бойынша 2-ші және 3-ші кезеңге өтті.
2-кезең (оқу, тыңдау) ауызша жүргізілді. Қатысушының реті жеребе арқылы шығарылды. Әр қатысушыға тақырып берілді. Қатысушы тек бір тақырыпты ғана таңдады. Жауаптың ұзақтығы 3 минуттан асқан жоқ.
Монологтық сөйлеуге арналған тақырыптар:
— Қазіргі әлемдегі технологиялар.
— Экологиялық мәселелер.
— Еңбек нарығы.
— Қазақстандағы мерекелер.
— Отандық өнім.
— Орталық Қазақстан — тау-кен аймағы.
— Шығыс Қазақстанның киелі жерлері.
— Ұлы даланың жеті қыры.
— Қазақстанның мәдени өнері.
— Салауатты өнер салты.
2-кезеңнің тапсырмасын орындау кезінде білім алушының жауабы келесі критерийлер бойынша бағаланды: оқудың анықтығы, айтылу мен интонацияның анықтығы, тыңдаудың дәлдігі, тақырыпты түсіндіру (әр критерий 5 ұпайға дейін бағаланды, қатысушы тек бір тақырыпты таңдады).
3 кезең — «Халық мұғалімі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
ұстазы Құмаш Нұрғалиев» тақырыбында эссе жазу (200-250 сөз). Берілген уақыт мөлшері 45 минут.
Эссеге қойылған талаптар:
-жеке көзқарасын, нақты дәлелдерін білдіру;
-әр түрлі көзқарастар үлгісі;
— логикалық заңдылықтарды сақтау;
— салыстыру және қорытындылау;
-сауаттылық.
Олимпиада соңында, олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, мұғалімдер алғыс хаттармен, ал қалған қатысушылар қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Жоғары колледжден 2 студент қатысты.
Жетекшілері Набиева Шынар Қайырғазиновна мен Омариева Лунара Ақылбековна. 1 курс студенттері Перевалова Анна Сергеевна және Вершинина Ксения Александровна қатысты. Студенттеріміз құр қол қайтқан жоқ 1 орын және сертификат алып қайтты.